- 05 нау. 2024 03:33
- 194
Сын есім. 55 - 59 жаттығу
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: 55 - 59 жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін пысықтау және бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, кубизм, қағып ал да, лақтыр;
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру бөлім
Оқу құралдарын дайындау.
Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Күн көзінен күлімдеп,
Көңілді болып жүрелік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік.
Үй тапсырмасын тексеру.
52 - жаттығу Көбелектерді өз гүліне қондыр
- леу - лау - деу - рақ
Кіші сары қысқа үлкен
Үй тапсырмасын бекіту. «Кубизм» әдісі
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Қандай түрлері бар?
3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?
5. Сөз таптарын ата.
6. «Үлкен» деген сөзге зат есімді тіркеп, мысал келтір.
ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту(мектеп суреті)
Түсі қандай? (ақ)
Көлемі қандай? (үлкен)
Пішіні қандай? (төртбұрыш тәріздес)
Сапасы қандай? (көне)
55 - жаттығу Мақта туралы (видео)
Осы біздің Оңтүстік
Қауашағын қақ жарған
Ақ мақтасы – ақ маржан
Алмасы аппақ ақықтай,
Жүзімі бар жақұттай
Түні салқын, күні ыстық,
Осы – біздің Оңтүстік (Өтебай Тұрманжанов)
56 - жаттығу Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай кестеге орналастыру.
Қызыл, ұзын, шұбар, таза, қалың, сұр, аласа, қызық, суық, жүйрік, тегіс, өткір, үшкір, сүйір, дәмді, жалпақ, тәтті, тұщы, дөңгелек, доғал, ащы
57 - жаттығу «Қағып ал да, лақтыр» әдісі (ауызша). Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есім тауып айт.
Семіз -...(арық) арзан -....(қымбат)
Жаңа -...(көне) жуас -....(асау)
Қараңғы....(жарық) қою.....(сұйық)
(сергіту сәті)
58 – жаттығу Өлеңді оқып жатқа жаз
Отаным (Отан туралы видео)
Керемет биік тауларың,
Кестедей бақша, бауларың.
Айнадай мөлдір көлдерің,
Анамдай ізгі елдерің. (Әдібай Табылды)
Негізгі және туынды сын есімдерді тап.
59 - жаттығу Жұмбақтарды оқы, шешуін тап
1. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.(күн)
2. Қабат - қабат тоны бар, кішкене ғана бойы бар.(қой)
3. Қара үңгірде қара тас, жанғанда бет қаратпас.(от)
4. Түсі аппақ қардан да, жесең тәтті балдан да.(қант)
ІІІ. Қорытынды
Біз нені білдік?
ІV. Бағалау. 5 - алма, 4 - шие, 3 - жуа.
VІ. Үйге тапсырма. Сын есімді қайталау, 59 - жаттығу.
Сын есім. 55 - 59 жаттығу. жүктеу