Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сауытбаева Гульмира Серикбаевна

Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Мақсаты мен міндеттері: Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: ізгілікті - елжанды дара тұлға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсариннің портреті кесте;
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Жұмбақтар шешу:

1. Сөзі – дана, үні жоқ, ---------------2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ. -----------------Шиыр - шиыр жолы көп.
Қолыңа алсаң - шешең,-------------- Өзі сөйлей білмейді,
Ақылы асқан көсем. ------------------Саған ізі сөйлейді.

3. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар.- жұмбақтардың шешулеріне ортақ тақырып ойлап тап

Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)

Ақын, жазушы, ағартушы, ұстаз

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін Сырбай Мәуленовтің «Дала жұлдызы» шығармасын оқимыз.

Оқулық бойынша жұмыс 9 - 11 бет
9 - 11 бет «Дала жұлдызы»- мәтін.
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- Сөздік жұмыс: қараңғы - оқымаған, сауатсыз, білімсіз.
- тізбек бойынша оқу
- азат жолмен оқу
- Мәтінде кім туралы әңгімеленген?
- Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төменгі үлгі бойынша ата
- Сергіту сәті

3. Жаңа білімді бекіту: Топтық жұмыс: төменгі сөздерді атап Ыбырай ата туралы әңгімеле(1, 2 топ) қара бояумен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, Есжанның тұрмыс - жайын әңгімеле (3, 4 топ).
Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді ата: Торғай қаласына, ұстаз, мектеп салдырды, оқуға балалар тарту, жұпыны, тозған, жоқшылық зардабын, өңі жүдеу, қайтыс болыпты, жарық, оқулық жазды, жалғыз өскен емен ағашы, мыңдаған бұтақ, жалғыз жұлдыз, мыңдаған жұлдыз.

Суретпен жұмыс:
1. Суреттегі адамдарға ат қой.
2. Бұл сурет әңгімедегі қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың?
3. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
Дәптермен жұмыс: жалғыз өскен емен -........
жалғыз жұлдыз -......... қара - қарсы сөздер тауып жаз.
Бүгінгі сабақта кім туралы толық мәлімет алдық? Өздеріне жаңадан не алдыңдар.
4. Үйге тапсырма: 9 - 10 бет әңгімеле №9 тапсырма дәптерге

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама