Photo: RDNE Stock project (https://www.pexels.com/@rdne) / Pexels
- 14 ақп. 2026 14:00
- 17
"Сіз қазақтың жауысыз": Тоқтар Әубәкіров Назарбаевқа не деп айтты?
Елге белгілі ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен арада болған шиеленісті сәттері туралы айтқаны жұртшылықтың назарын аударды. Ол Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беру туралы шешімге қарсы шығып, тіпті Назарбаевпен сөз таластырғанын жасырмады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Назарбаевпен болған ащы диалог
Әубәкіровтің айтуынша, бұл оқиға Кремльден ұшақпен ұшып келе жатқанда болған. Ол Назарбаевқа тікелей "Енді қол астыңда жұмыс істемеймін" деп мәлімдеген. Президент оны жанына шақырып, сөйлесуге тырысқанда, ғарышкер: "Мен сізбен ештеңе ішпеймін, сіз қазақтың жауысыз" деп ашына айтқан.
Назарбаев бұған жауап ретінде Әубәкіровтің жастығына, саясаттан хабары жоқтығына сілтеп, оны "жас бала" деп атаған. Алайда, Тоқтар Әубәкіров өз шешімінен танбай, "Мені босатыңыз, мен енді жұмысқа бармаймын" деп қайта талап еткен.
-
Атырау облысында алаяқтық жасап, шетелге қашып кеткен азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл іс Атырауда жоғалған отбасының жағдайына қатысы жоқ екені айтылды.