- 25 қар. 2016 00:00
- 267
Смартфон нарығындағы пайданың 90 пайызы Apple компаниясына тиесілі
ІІІ-тоқсанда әлем бойынша смартфондар сатылымынан түскен табыс 9 миллиардтан асқан. Оның 91% (8,19 млрд АҚШ доллары) Apple компаниясының үлесінде. Бұл көрсеткіш Apple компаниясының үш тоқсан бойы iPhone сатылымын азайтқанына қарамастан өскен. Компанияның IV-тоқсандағы ресми деректерінде операциялық кірістің 11,76 миллиард екені көрсетілген. Ал компанияның жалпы табысы 38% жеткен. Компания табысының үлкен болуын смартфондар нарығындағы өзге ойыншылардың белсенділігінің төмендеуімен түсіндіруге болады.
Дереккөз: vestifinance.ru