Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Қазақ тілі 4 сынып
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру.
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
2. Сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін, ауызша және жазбаша тілін дамыту.
3. Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, ойын, практикалық жұмыс.
Көрнекілігі: Сызбалар, үлестірмелер, жеке суреттер, кестелер, Айзенк әдістемесі.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын,
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
Оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Стратегия: Ой шақыру.
Сөйлемнің қандай мүшелерін білеміз?
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшесі бола алады?
Ребусты шешу. "Оқушы" сөзіне сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Стратегия: Ой қозғау.
Жұмбақ шешу.
Өзім судан тұрамын,
Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)
- Балалар, біз сөйлем мүшелері туралы не білеміз?

Сөйлем мүшелері
Белгілі сұраққа жауап береді.
Сөйлем мүшесі қызметіне қарай → Тұрлаулы, Тұрлаусыз

Мысалдармен дәлелдеу.
Жаңбыр жауды. Биыл күз ерте түсті.
А) Оқулықпен жұмыс.
35 - жаттығу.
Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой.
Аптада жеті күн бар. Дулат үйге келе жатыр.
Ақ көбелек гүлге қонды. Бір жылда он екі ай бар
Айгүл мектепке келді. Ақ сары балапан сүйкімді - ақ

а) Сөйлем мүшесі бір сөзден де, екі сөзден де жасалатынын айту.
ә) Қарамен жазылған сөздердің сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтау.
б) Ол сөздердің неше сөздерден жасалғанын айтқызу.
г) Ол сөздердің бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Шығармашылық тапсырма
1 - тапсырма: Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын сөзді тауып қой.
ЖАНАР (...) ЕШКІ
2 - тапсырма: Артық сөзді алып таста:
ҚЫМЫС - МЫСЫҚ
СЫРАБ - БАРЫС
ЛЕККӨЙ - КӨЙЛЕК
РЫҚСАҚ - ҚАСҚЫР
3 - тапсырма: Түсіп қалған сөзді тауып қой:
ҰҒРАП (АҒАШ) АШҚАШ
ҰРПАҚ (....) ТАҢБА
4 - тапсырма: Сөздегі жетпейтін әріптерді тауып қой:

Жиделі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова Сауле
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама