Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сын есім
Сын есім
Сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Ой қозғау:
Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте алыс жерден Сын есім қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң - таң болып, әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі: - Сенің атын кім? - деді қария заттың атымен танысайын деп.
- Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.
- Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс - қимылын білейін деп.
- Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.
- Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.
- Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол еді алмамыз қып - қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік.
Жарайсыңдар балалар, енді ой түйіп көрейік.

Мағынаны тану
1 - топ: Сын есімнің сұрақтарын ата. Қай сөз табымен байланысады? Мысал келтір.
2 - топ: Заттың түсі, пішіні, дәміне қатысты бір – бір мысалдан келтір.
3 - топ: Сын есімнің ережесін айт.
4 - топ: Жылқының құйрығының ұзын қылдары төгіліп тұрады.
Осы сөйлемдегі сын есімді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

“Кім шапшаң” ойыны
Берілген сөздерге қарсы мағыналы сын есім тауып айт. Әрбір сын есімге оған қатысы бар зат есіммен байланыстырып айт.
Қымбат -
Сұйық -
Жаңа -
Жақсы –
Лас -
Ащы -
Кең -
Ұзын -
Сын есім жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама