Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Қызылорда қаласы,
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Керимханкызы Актоты

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тіліндегі сөйлем, сөйлем құрушы компоненттер – сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін кеңейте отырып, тұрлаусыз мүшелердің қызметі туралы білім беру.
Дамытушылық: Сөйлем мүшелерінің байланысу тәсілі мен түрлеріне байланысты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, жүйелі сөйлеу арқылы тіл мәдениетін дамыту, ақпараттық материалдар арқылы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың бірін - бірі тыңдап, сыйлай білуге, берілген тапсырмалар мен жаттығулар арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кәсіби: Болашақ мамандықтарына сәйкес тәжірибеде сөйлем мүшелері компоненттерін тиімділікпен оқыта білуін, өз ойын жүйелі жеткізе білуін дамытып, сабақ барысындағы әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана білуге үйренуі.
Сабақтың типі: Алған білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ
Оқыту технологиясы, әдіс - тәсілдері: Дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, талдау, салыстыру, өз бетінше жұмыс, сұрақ - жауап, тест тапсырмалары т. б.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, логика, информатика, тарих.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Сөйлем мүшелеріне байланысты тірек - сызба, жаттығу жұмыстары байланысу тәсілі мен түрлері, жасалу жолдары, синтаксистік қызметі, оның зерттелуі туралы ақпараттық материалдар, бағалау парақтары, жұмыс дәптері.
Қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар

Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі» А.; 1992 ж.
2. М. Қараев «Қазақ тілі» Атамұра, 2006 ж.
3. Ш. Бектұров «Қазақ тілі» Алматы, 2006 ж.
4. С. Исаев «Қазақ тілі» Алматы, 2007 ж.
Оралбаева «Қазіргі қазақ тілі» (жаттығулар жинағы) А.; 1997 ж.
Оқыту нәтижесі:
 Стандарттық, бағдарламалық міндетті білім деңгейін меңгеруі, білік, дағдыларын жетілдіреді.
 Міндетті деңгейлік материалды өте жақсы, жақсы, орташа меңгерген және мүмкіндік деңгейі жоғары оқушылар саны анықталады.
 Отансүйгіштік, елжандылық тәрбиелігі артады.
 Жаңа технологияның әдіс - тәсілдерін, білім бағалау жолдарын үйренді.
 Сөз тіркесінің байланысу тәсілі мен түрлері, жасалу жолдары, синтаксистік қызметі туралы қосымша ақпараттық материалдармен танысады.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Сабақтың мақсат – міндетін қою. 3. Сабақтың құрылымымен таныстыру.
1. «Білім биржасы». (үй тапсырмасын жүйелеп бекіту)
2. Шығармашылық ізденіс. (зертханалық жұмыс)
3. Шығармашылық кездесу. ( жаттығу жұмысы, деңгейлік тапсырмалар)
4. Сабақты қорытындылау.

ІІ. Сабаққа кіріспе:
1. Алдыңғы сабақта өтілген «Тұрлаулы мүшелер» тақырыбын қайталай отырып, бүгінгі өтілетін жаңа сабақты байланыстырып түсіндіру.
2. «ДЖИК СО» стратегиясы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама