- 05 нау. 2024 03:35
- 165
Спид не үшін қауіпті?
Тақырып: СПИД не үшін қауіпті?
Мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ой шақыру, таблицалар, суреттер.
Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, ой бөлісу.
Кіріспе. ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) – иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныс қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ағзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру.
ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, виросолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Р. Галло вирустың барлық өсиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады. Адам ағзасына енген ол қанның лимфооцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа жасушыларға жабысып, өткен процесті қайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзада иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша есте ұстайтын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ ол өзімен қатынасындағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
СПИД вирусы химиялық немесе физикалақ әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыдамайтыны анық. Әдеттегі медициналақ тәжірбиеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т. б. дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп - оңай жоқ қылдырады.
Аурудың негізгі белгілері:
Вирус жұққан адамдардың 35 - 50%- ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең – бастапқы АИВ - инфекция) 2 - 3 аптадан 6 - 12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3 - нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін.
ЖИТС - тің жұғу көздері және жұғу жолдары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандар саны 2000 жылдан кейін 40 - 50 миллионға жетуі ықтимал.
Әдетте ЖИТС - пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуалдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуалдық т. б. жайлар себеп болады.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам – вирус тасымалдаушылар, ЖИТС - пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, әсіресе, вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.
Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. (Мейірханова З. Қыз – өмірдің қызғалдағы. Алматы. Олжас, 2006.)
Спид не үшін қауіпті? жүктеу