Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі

Cценарий.​

І-бөлім.
1-оқушы:
«Құрметті ұстаздар​ мен оқушылар!
Қазақстан Халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған “Татулық мекені” атты ұлттар мәдениетіне арналған кешімізді «Ашық»- деп жариялаймыз!

2-оқушы:
Алдарыңызда төртінші және бесінші сынып оқушылары, әртүрлі ұлттардың киімін,​ тілін,​ салт-дәстүрі мен өнерін таныстырады.

1-оқушы:
​Сондай-ақ, ұлттық тағамдарын да таныстырып,​ өзге ұлт пен қазақ халқының мәдени ұқсастығын дәлелдейді.

2-оқушы:
Бастайық олай болса кешімізді,
Дәстүрі жоғалса елдің несі құнды?!
Сан түрлі ұлт,​ бір атаның баласындай,
Сыйласып күн кешуде осы күні!

1-оқушы:
Испан ұлты танымал өр мінезбен,
Гитараға қосып айтар әуенмен.
Бесінші «а» таныстырсын осы ұлтты,​
Жақынырақ танысайық жат ұлтпен!

2-оқушы:
Түбі Түркі,​ бір атадан тараған,
«Түрік» ұлты жанашыр ұлт,​ досқа адал.
Бесінші «ә» таныстырсын түрік елін,
Жадырасын жаны жайнап көрген жан.

1-оқушы:
«Сыған» деген жиһан кезген ұлт бар,
Алдау-арбау,​ ән айтуға жаны құмар.
Бесінші «б» таныстырсын осы ұлтты,
Құлақ салып,​ көңіл қойсын жарандар!

2-оқушы:
Оның тілі — Құран тілі,​ әуезді,
Ал Меккесі ғашық еткен әлемді.
Араб ұлтын таныстырсын сіздерге,
Бесінші «в» көрсетіп бар өнерді.

1-оқушы:
Көрші тұрған сан ғасыр,​ орыс ұлтын,
Төртінші «а» сыныбы таныстырсын.
Тілі мен салт-санасы араласқан,
Мінезі жақын болған славян көршім.
​ ​ ​ ​
2-оқушы:
«Қазақ» - десе құлағы елең еткен,
Ал халайық,​ құлақ қой,​ сөзге еппен.
Төртінші «ә» сыныбы таныстырсын,
​ Қазақ елін, сіздерге қара өлеңмен!

1-оқушы:
Өз ағамыз Өзбектің салт-дәстүрін,
Таныстырсын сахнада төртінші «б».
Діні,​ тілі,​ түбірі түгел ұқсас —
Тыңдайық майда қоңыр өзбек тілін.

ІІ - бөлім.
1-оқушы:
​Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр,​ мәдениеті бар.​ Испан халқының ұлттық дәстүрімен сахнада — 5 «а» сыныбы. Қарсы алдыңыздар!

2-оқушы:
​Түрік халқының салт-дәстүрін таныстыруға,​ сахнаға 5 «ә» сыныбын шақырамыз!

1-оқушы:
​ Араб мәдениетін жақынырақ танытуға 5 «в» сыныбы келіп отыр. Қабыл алыңыздар!

2-оқушы:
​«Құда түсу немесе Сватовоство» көрінісімен алдарыңызда 4 «а» сыныбы. Тамашалай отырыңыздар!

1-оқушы:
​Орыс халқы қызын бір Каравайға ұзата салса, қазақ халқы ұзатылар қызын қаншаға бағалаған екен?! Бірге тамашалайық?!​ «Қазақша құда түсу». Сахнада 4 «ә» сыныбы оқушылары.

2-оқушы:
Төртінші​ «а» және «ә» сыныптары бүгін​ «Құда түсу салтын» көрсетсе, 4 «б» сыныбы өзбектің “Келин салом” дәстүрін көрсетпекші. Тамашалай отырыңыздар!

ІІІ - бөлім.
1-оқушы:
​Өнердің де келді міне кезегі,
​Біреу — билеп,​ біреу — ән сап береді.
​Испандықтар биіменен танымал,
​Әуенін де бүкіл әлем біледі.
​Алдарыңызда 5 «а» сыныбы оқушылары «Испан биімен».​ Қарсы алыңыздар!

2-оқушы:
5 «ә» сыныбы оқушылары «Түрік» биімен көңілдеріңізді көтере отырсын. Қабыл алыңыздар!

1-оқушы:
Сахнада 5 «в» сыныбы. Араб ұлтының өнерін паш етсін!

2-оқушы:
«Орыс» десе еске түсер «Частушка»,
Частушкада кездеседі әр нұсқа.
Частушканың қазақшасын шырқасын,
Сахнаға билеп шығып төртінші «а»!

1-оқушы:
Қазақтың бір дәстүрі тәтті шашу,
Сараңдық пен тар пейіл істен қашу.
Тойбастар «Шашу» биін билеп берсін,
Төртінші «ә»-нің қыздары,​ шашып шашу!

2-оқушы:
Келесі кезекте 4 «б» сыныбы “Андижанская полька” биімен сахнада.

IV-бөлім.
1-оқушы:​ Енді әр сынып өз ұлттарының ұлттық тағамдарын таныстырады.​ Сахнада аспаздар!
2-оқушы: Осымен бүгінгі ұлттар күніне арналған сайысымыз аяқталды.​ Мектебіміздің басшысы    ....     ....... қызына​ сөз береміз!

Тапсырыс беру үшін байланыс номерім: wa.me/77002303625

 

 

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама