Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
«Сұхбатқа шақырып сөз көбейтпей...»: Ерболат Құдайберген жаңа әнімен жауап берді

Әнші Ерболат Құдайберген өзіне қатысты айтылған сындарға жауап ретінде жаңа әнін шығарды. Өнер иесі сұхбат беріп, артық сөзбен әуре болмай, ойын шығармашылығы арқылы жеткізуді жөн көргенін мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ләтір-ләй» – хейтерлерге арналған

Әнші өзіне қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс айтып, «Ләтір-ләй» әнін өзінің атынан жалған видеолар таратқан және сын айтқан желі қолданушыларына арнағанын жеткізді. Ол өзінің жазбасында:

«Интервьюге шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақ көңілді, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз. «Ләтір-ләй» хейтерлер мен көз жетпестен менің атыммен видеоны шығарып отырған парақшалардың иелеріне арнаймын», — деп жазды.

Оқиғаның мән-жайы

Бұған дейін әлеуметтік желіде әншінің мас күйде жүргені түсірілген бейнежазба тараған болатын. Полицияға көпқабатты үйлердің бірінде тыныштықтың бұзылғаны туралы шағым түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары әншінің агрессивті мінез танытып, айналасындағыларға қолайсыздық тудырғанын хабарлады.

Нәтижесінде, әнші 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Полиция өкілдерінің айтуынша, ол бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтар

Жарнама