Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 35 минут бұрын)
Суперкомпьютер болжамы: Лига Чемпиондарын кім ұтады?

Чемпиондар лигасының жартылай финалдары аяқталғаннан кейін, Opta Analyst суперкомпьютері турнирдің фаворитін анықтады. Болжам бойынша, финалда лондондық «Арсенал» мен Париж Сен-Жермен (ПСЖ) командалары кездеседі.

Суперкомпьютердің есептеуінше, ағылшын клубының жеңіске жету мүмкіндігі турнирдің қазіргі иесінен сәл жоғары.

Анықтама: Opta Analyst моделі командалардың турнирде әртүрлі орындарды (мысалы, чемпион атану немесе турнирден шығып қалу) иелену ықтималдығын есептейді. Ол үшін әр ойынның нәтижесін статистика, букмекерлік коэффициенттер және командалардың күш рейтингі негізінде бағалап, мыңдаған рет ойынды модельдейді. Осы симуляциялардың қорытындысы бойынша жалпы болжам жасалады.

«Арсенал» мен ПСЖ-ның Чемпиондар лигасының финалындағы мүмкіндіктері

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалда лондондық «Арсенал» екі ойын қорытындысы бойынша мадридтік «Атлетиконы» жеңді. Бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталса, жауапты кездесуде лондондық клуб 1:0 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Ал «Пари Сен-Жермен» мюнхендік «Бавариямен» кездесті. Бірінші ойында париждік команда 5:4 есебімен жеңіске жетсе, жауапты матчта 1:1 есебімен тең ойнады.

ЧЛ финалы қашан өтеді?

Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Қазақстан уақытымен 21:00-де Будапешттегі (Венгрия) «Пушкаш Аренада» өтеді.

«Арсенал» тарихында алғаш рет трофейді жеңіп алуы мүмкін, ал ПСЖ қатарынан екінші рет ЛЧ кубогын алуға таласады.

Жаңалықтар

Жарнама