Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 минут бұрын)
"Сүйінші!" Тұрсынбек Қабатовтың қызы архитектор атанды

Қазақстанның танымал продюсері Мөлдір Мұқанның әпкесі, Айгүл Түлкібайқызы желідегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның қызы, Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы британ университетін сәтті аяқтап, архитектор мамандығы бойынша дипломын үздік қорғап шықты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дипломын үздік қорғады

Айгүл Түлкібайқызы қызының жетістігін мақтанышпен жеткізді. Ол видео жазбада Әдемі Тұрсынбекқызының бес жыл бойы білім алғанын, еңбекқорлығы мен білімділігінің арқасында халықаралық деңгейдегі маман болып шыққанын атап өтті.

«Сүйінші! Британ Университетінде Дубай қаласында архитектор мамандығына 5 жыл оқып бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы, оқымысты қызымыз халықаралық үлгідегі мықты маман болып жатыр», - деп жазды ол.

Шетелде білім алудың жауапкершілігі

Айгүл Түлкібайқызы шетелде білім алудың оңай еместігін, әсіресе жауапкершілігі мен кейбір қауіпті жақтары барын айтты. Оның айтуынша, студенттерге арналған жүйе басқаша, емтихан мен сессияға дайындық ұйқысыз түндерді талап етеді. Дипломдық жұмыс жазу кезінде студенттер өз әлеміне еніп, айналасын ұмытып кететіндей болады.

«Мамасын қолдай жүріп, сабағын да реттеп жүрген пысық қыз. Алла жар болсын өзіңе», - деп тіледі анасы.

Жаңалықтар

Жарнама