- 12 қар. 2019 00:00
- 248
Сұрама, інім, сұрама...
Майдан даласына жаңа келген солдат талай-талай шайқасқа түсіп шыққан ефрейтордан қалай соғысып жүргенін сұрайды. Сонда ефрейтор оған басынан кешкен бар оқиғаны айтып береді.
— Бір жолы танк қаулап кеп берді. Өкшеленіп келіп атып қалғанда басымдағы құлақшыным ұшып кетті.
— Ойпырай-ә, содан соң?
— Одан соң танк зеңбірегінің тұмсығы желкеме тие жаздап, тие жаздап қалды.
— Ойпырай-ә, енді қайттіңіз?
— Одан арғысын сұрама, сұрама, інім, сұрама...