Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жұмсағыш келіншек

Баяғыда біреудің келіні әрі жалқау, әрі әдепсіз екен. Өзі отырып, мынаны апарып қойшы, ананы алып келші деп, кез келген кісіні жұмсай береді.

Атасы келін мені де жұмсар ма екен, сынап көрейінші деп ойлайды. Бір күні келіні үйде тары қуырып отырғанда, сырттан жөтеліп, дыбыс беріп келе жатады.

Келіні сыртына айналып қарауға да ерініп:

— Әй, келе жатқан қайсың? Кім де болсаң, даладағы келі мен келсапты ала келші! — депті.

Атасы келінім бір ұялсын деп үйге келі, келсапты ала кіреді. Жұмсаған кісі атасы екенін көргенде, келіні шынында сасып қалады:

— Ойбай, бетім-ау! Атам екенсіз ғой! Орнына апарып қоя қойыңыз, өзім барып алам, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама