- 05 қаз. 2021 00:00
- 247
Сүйінбай Аронұлы
Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) — ақын. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. «Менің пірім — Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай ....», — деп Жамбыл оны өзіне ұстаз тұтқан. Сүйінбай шапырашты руының екей әулетінен шыққан. Халық қамын көздеген Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық батырлар туралы дастандар шығарған.
Оның Қатаған ақынмен, Тезек төремен айтыстары белгілі. Бұл айтыстардан Сүйінбайдың ақындық тапқырлығы, турашылдығы, үстем тап озбырлығын шенеген қайсарлығы айқын көрінеді. Сонымен бірге, оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері де («Мақсұтқа», «Қасымға», «Болыстарға баға») көптеп кездеседі.
Сүйінбай шығармалары алғаш жеке кітап болып І.Жансүгіровтың құрастыруымен 1935 жылы, ал екінші рет 1976 жылы жарық көрген.
М.Әуезов «Сүйінбай — Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп бағалады. Сүйінбай Аронұлының атында Алматыда көше бар.
Оқуға кеңес береміз:
Сүйінбай Аронұлының өлеңдері
Сүйінбай Аронұлының нақыл сөздері