Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Символдық операторлар
Сабақтың тақырыбы: Символдық операторлар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Мәтіндік ақпараттарды өңдеу амалдарын түсіндіру, length concat, copy функциялары мен delete, insert процедуралары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелілік: Өз бетімен ізденуге, ұжымдық қарым - қатынасқа, еңбекқорлыққа, ынталылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Паскаль тілінде бағдарлама құру дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, презентациялар, үлестірме қағаздар, жұмыс дәптері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, merits программасы,

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру, белгіленген орындарға отырғызу. (1 мин.)
2. Үй тапсырмасын сұрау. (3 мин.)
3. Жаңа сабаққа байланысты қайталау сұрақтарын қою. (2 мин.)
4. Біз үйренетін жаңа ұғымдар немесе жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин.)
5. Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
6. Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындату. (16 мин.)
7. Үйге тапсырма (2 мин.)
8. Рефлексия (2 мин.)
9. Сабақты қорытындылау. (1 мин.)

1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2. Үй тапсырмасын сұрау (3 мин):
Берілген процедура параметрлерін координаталар жүйесінде белгілеңіз.
Балалар берілген карточкалардағы тапсырмаларды орындап, тақтаға іледі. Нәтижесінде фигуралар пайда болады.
3. Жаңа сабаққа байланысты қайталау сұрақтарын қою. (2 мин.)
Integer String Real
1024 ‘25’ 39. 5
- 26
Integer – бүтін тип
Real - нақты тип
String – жолдық шама.
Жолдық шама дегеніміз мәндері мәтін болып табылатын шамалар. Дәптерлеріңе тақырыпты жазып қойыңдар.
Жол – апострофпен бекітілген, символдардың тізбегі, Мысалы, ‘Сынып’, ‘АВС 1А’
Жолдарды, сандар секілді, тұрақтылар бөлімінде сипаттауға болады.
Const Str= ‘МЕКТЕП’;
Жолдық шамалар String қызметші сөзі арқылы айнымалылар бөлімінде сипатталады.
Var s1, s2: String[N];
String – қызметші сөз;
S1, s2 – жолдық типтің айнымалылары;
N – жолдың максимальды ұзындығы ( 0 - ден 255 - ке дейін).
Жолдық деректермен жұмыс істеу үшін қолданылатын функциялар мен процедуралар:
Length (Str) – Str жолындағы символдардың санын есептейді. Нәтиже бүтін типті сандар болады. Мысалы:
S:=’Сканер’;
D:=length(S);
Writeln (D);
Экранға шығатын нәтиже: 6
Delete (Str, Poz, N) – Str жолының Poz позициясынан бастап N символдарды жояды. Егер Poz>255, программалық тоқтатылу болады.
Мысалы:
S:=’Етістік’;
Delete(S, 2, 3);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: Етік
Insert (Str1, Str2, Poz) – Str1 жолын Str2 жолына Poz позициясынан бастап қояды.
Мысалы:
S1:=’ма’;
S2:=’Форт’;
Insert(S1, S2, 4);
Writeln (S2);
Экранға шығатын нәтиже: Формат
Copy (St, Poz, N) – St жолынан Poz позициясынан бастап N символды қиып алады. Егер Poz St жолының ұзындығынан ұзын болса, онда нәтиже бос орын болады.
Мысалы:
S:=’Программа’;
S:=Copy(S, 4, 5);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: грамм
Concat (St1, St2,…, StN) – St1, St2, …, StN тізімде көрсетілген рет бойынша бойынша тіркеседі. Барлық тіркелген символдардың қосындысы 255 символдан аспауы керек.
Мысалы:
S1:=’дар’;
S2:=’бағ’;
S3:=’шам’;
s:=Concat(S2, S1, S3);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: бағдаршам
4. Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
Тапсырма І
№1 Бағдарламаның фрагменті орындалғаннан экранға қандай нәтиже шығады?
а) a:=’қазақшаңыз’
b:=’қалай? ’;
c:=concat(a, b);
ә) a:=’Дудар - ай’;
b:= copy(a, 7, 2)+copy(a, 3, 3);
writeln(b);
№2 Бағдарламаның фрагменті орындалғаннан экранға қандай нәтиже шығады?
S:=’Монитор’;
Delete(S, 3, 2);
Writeln(S);

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама