Сиқырлы музыкалық үйшік
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Ғ. Мұратбаев ауылы,
№ 15 "Балдәурен" балабақшасының музыка жетекшісі
Жаманқара Гүлнәр
Тақырып: Сиқырлы музыкалық үйшік
Мотивациялық қозғаушы
Балалар жәй музыкамен музыка залына келеді. Балалардың назарын далаға аударып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін сұрап, қазір орманға саяхатқа « Сиқырлы үйшікке» бару керек екенін айту. Шеңбер бойымен жүргізіп, орманда кездесуі мүмкін аңдардың ( аю, түлкі, қасқыр, қоян) жүрістерін музыка ырғағына орай жүргізу.
Табиғат құбылысы. Боран даусы.
Балалар күн салқын, қар жауып, жел соғып тұр. Сиқырлы үйшікке ұшатын кілемшелерге отырып ұшып барғыларың келе ме? Олай болса кілемшелерді айналдыра жайып, екеуден отырамыз. Жел ұшырып кетпеу үшін бір - біріміздің қолымыздан ұстап аламыз, көзімізді жұмамыз. Жайлап көтеріле бастадық. міне аспанға да көтерілдік. Жел басылған сияқты. Біз өте биіктеміз.
Бетховен «Тыныштық» музыкасын тыңдату
Балалар, қандай тамаша! Мұнда жел жоқ, айналамызда аппақ бұлттар ұшып жүр. Қолымызбен бұлттарды ысырып, қар ұлпаларын ұстап көреміз. Алыстан төменде кіп - кішкене болып үйшік көрінеді. Жайлап қонамыз. Құлап қалмайық, міне келдік. Көзімізді ашамыз
Сиқырлы үйшікке келдік. Бұл үйшіктің ішінде музыкалық аспаптар бар. Қалай аламыз, балалар, есігінде құлып тұр
Мына белгілер не екенін білесіңдер ме, балалар? Бұл белгілер нота белгілері деп аталады Балалар музыкада 7 дыбыс болады. Олар: до, ре, ми, фа, соль. ля. си, Қане дауыстап айтып көрейікші. Ал, мынау скрипка кілті.
Құлыпты скрипка кілтімен ашып көрейік. Ашылмайды.
Осы кезде күшіктің абалап үрген даусы естіледі..
Балалар, мына күшікті қараңдар.
- Сенің атың кім?
- Аф, аф Ақтөс. Мені осында құйын ұшырып әкелген. Содан осы үйшікті күзетіп отырмын. Сендердің келгендерің жақсы болды. Бұл үйшікті Аяз сиқырлап тастаған. Есікті ашу үшін терезелерге жапсырылған барлық шарттарды орындауларын қажет. Сол кезде барып сиқырлы құлып ашылып, мені де босатады.
- Сен қорықпа Ақтөс. Біз бұл үйшіктің сиқырын қайтарып, музыкалық аспаптарымызды алуымыз керек. Сосын бірге қайтамыз. Балалар, келісеміз ба?
Балалар мына құлыптың астында жұмбақ бар екен. Шешіп көрейікші.
Ізденіс - ұйымдастырушы
Ойнаңдар да ойлаңдар,
Сәбіз мұрын кімде бар?
Дұрыс айтасыңдар. Бұл Аққала. Қардан жасалады.
Балалар, Аққала туралы дауыс жаттығуын жасайық.
Музыкамен «Аққала» жұмбақ дауыс жаттығуды айтқызу
Балалар, терезенің құлпы ашылды. Қараңдар. мынау не заттар екен? Аққаланың заттары ғой. Сыпырғы, шелек, мұрыны.
Балалар, ойын ойнаймыз ба, кім аққаланы жылдам киіндіреді екен?
Қимылды ойын: «Аққаланы кім жылдам киіндіреді?»
Балалар, енді екінші құлыпты ашуға тырысайық. Бұнда да сурет бар екен. Мынау не балалар?
Балапанға «Ән салайық» деп жазып қойыпты. Таптым. «Балапан» телеканалынан «Ән салайық» бағдарламасын айтқан ғой. Балалар, олай болса біз Аязға арнап ән айтып берейік.
Ән айту: халық әні «Сәулем - ай» әуенімен «Аяз, аяз» әні
Ал, балалар, келесі құлыпты көрейік. Онда не жазылған екен.
Қолғаптың суреті тұр. Ал мына жерде маскалар бар екен. Бұл не дегені балалар? Ақтөс, сен не дейсің?
«Қолғап» ертегісін ойнау керек дейсің бе? Балалар ертегі әнді айтып көрейікші алдымен.
«Қолғап» ертегі әнді халық әні «Хайләйлім» әуенімен балаларға айтқызып, рөлдерге бөліп балаларға ойнату.
Рөлге бөлінбеген балалар ертегі әнді айтып тұрады.
Ал, балалар, келесі құлыпты көрейік, тағы да балапан суреті. Артына билеп жатқан қыздар суреті.
Бұл не деген мағына береді балалар?
«Балапан» телеканалынан «Биле - биле» бағдарламасын көресіңдер ме балалар. Олай болса біз осы
«Биле - биле» бағдарламасынан Якут биін үйренеміз. ЯУТ БИІ МУЗЫКАСЫ.
Балалар Якутия халқы жазы салқын, қысы суық жақта өмір сүретін халық. Ресейдің құрамына кіреді. Көбіне даңғыра сияқты ұрмалы аспаптар пайдаланады. Билеп үйренеміз ба, балалар?
- Бірінші қимылды бізге Нұрбақыт көрсетеді.
2 - қимылды Аягөз көрсетеді. т. с. с...
Бар қимылдарды қосып билейміз. Жарайсыңдар балалар!
Күшік үреді.
- Не болды, Ақтөс?
ОО. Үйшіктің есігі ашылыпты. бәрекелді балалар. Ішіндегі музыкалық аспаптарымызды алайық. Балаларға ұрмалы аспаптар, асатаяқ, сылдырмақтарды тарату.
«Аяз - аяз» әнін аспаппен ырғағын сақтай отырып, ұрып ойнап айту.
Рефлексивті түзету
- Балалар, қайтатын уақыт болыпты. Аспаптарды орнына қоямыз. Үйшіктің сиқыры ашылды. Біз кейін тағы да келеміз, иә, балалар. Ұшатын кілемшелерімізге отырып жерімізге, балабақшамызға қайтамыз. Ақтөс, сен де жүр бізбен бірге. Қане, орналасайық.
Табиғат құбылысы. Боран даусы.
Көзімізді жұмып, қолдарымыздан ұстап аламыз. Желдің дыбысы. Ұшып келеміз. Мінекей, балабақшамыз да көрінді. Жайлап қонамыз.
- Балалар, бүгін біз қайда бардық?
- Не көрдік?
- Қандай шарттар орындадық? Қандай ән айттық, қандай би биледік? Қандай ойын ойнадық? Ертегі де қойдық иә. балалар.
- Жарайсыңдар, Ақтөстің сендерге арналған сыйлығы бар екен.
Ақтөс үріп рахметін айтып, балаларды мадақтайды.