Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал - жабдықтар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ - жауап
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Бүгін балалар сабақты біз екі топқа бөліп өтеміз.
Бірінші топтағы балалар «Отбасы», « Дәрігер» ойынын ойнайды.
Екінші топтағы балалар автобусқа отырып, саяхат жасауға барады.
- Дәрігер ойынын ойнау үшін, отбасы ойынынан бастаймыз.
Отбасы: Екі бала, әкесі, шешесі қатысады.
Шешесі мен қызы үйін жинайды, ұлы мен әкесі жұмысқа жиналады.
Әкесі:
- Айтолқын, біздің Ләйлә ауырып тұр ғой! Сен оны дәрігерге апарсайшы. Тілеужан екеуміз жұмысқа кеттік.
Шешесімен қызы тіркеу орнына келеді.
Шешесі:
- Сәлеметсіз, бе?
- Сәлеметсіз, бе.
- Маған Сембай Ләйләнің кітапшасы керек еді.
- Қандай бөлімге барасыз?
- Бесінші бөлім
- Мекен - жайыңыз қалай?
- Әуезов көшесі, 10 үй
- Бесінші бөлімге барасыздар
- Рахмет, сізге.
Екеуі дәрігерге келеді.
- Шешесі:
- Кіруге рұқсат па?
Дәрігер:
- Кіріңіз, отырыңыз
- Сәлеметсіз бе, кітапшаңызды беріңіз, сіздерді не мазалайды, қай жері ауырады?
- Шешесі: Қызымның қызуы көтеріліп тұр, тамағы ауырады, тамақты аз ішеді, басы ауырады.
Дәрігер: Қазір тыңдап көрейін, қатты дем ал, тамағыңды көрсет.
- Мен сізге дәрі жазып берейін, ертең қан тапсырасыз, уқалау бөлмесіне барып, уқалау аласыздар. Екі күннен кейін маған қайтадан келесіздер.
- Тез сауығып кетіңіздер, Сау болыңыздар!
Анасы мен қызы екеуі уқалау бөлмесіне келеді.
Есік қағып екеуі бөлмеге кіреді, амандасады қағазды береді.
Дәрігер баланың денесін уқалап береді.
Рахмет айтып екеуі шығады.
Екеуі дәріханаға келеді.
Дәріханашымен амандасып, дәрігер жазып берген қағазды береді.
Шешесі:
- Бізге мынандай дәрілерді беріңізші.
Медбике:
- Мына шөппен тамағын шаясыз. Мына дәріні күніне екі рет ішесіздер.
- Сізге рахмет, сау болыңыз! - деп шығып кетеді.
Қызымен шешесі үйіне оралады. Әкесі мен ұлы жұмыстан келеді. Шешесі бәріне тамақ дайындап, үстел басына шақырады. Қызы шешесіне көмек көрсетіп, үстелге ыдыстарды қояды. Дәрігердің берген дәрісін ішкізеді. Балалар ойынды әрі қарай жалғастыра береді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама