Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Т. Тойбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» (әңгімелеу)
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Т. Тойбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» (әңгімелеу).
Мақсаты: Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауға, оларды баптап күте білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Білімділік: Әңгіме мазмұнын өз қиялымен баяндауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Бүкіл жан - жануарларға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Дәрменсіз, жараланған, биікке самғай, сақина
Керекті құралдар: Әңгіме бойынша схема, қарлығаштың суреті, қыстап қалатын құстардың суреті
Қостілдік компонент: Дәрменсіз - беспомощный, жараланған - раненый, биікке самғай - высоко взлетая, сақина - кольцо.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Жұмбақ жасырады:
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
Ол не?
Қонаққа Қарлығаш келгенін хабарлайды.

Ұйымдастыру - іздестіру
Әңгімелесу
Сұрақтар қояды:
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Қыста қандай құстар қыстап қалады?
- Қарлығаш қандай құс?

Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Тақтаға суреттер іледі, мұқият қарап артық құсты тауып, атауды ұсынады (көгершін, тоқылдақ, қарлығаш, суық торғай)
Дидактикалық ойын: «Құстар не істейді?»
Құстардың қимылын көрсетуді ұсынады.
- Біз, осы жасаған қимылдарды қайдан көрдік?

Сергіту сәті:
Әңгімелеу
Қыста бір қарлығаш жылы жаққа ұшып кете алмапты. Сол қарлығаш туралы әңгіме тыңдауды ұсынады. Әңгіменің аты: «Қайтпай қалған қарлығаш»
«Асан ерте тұрып, терезенің пердесін ысырды да, сыртқа көз жіберді. Айнала аппақ қар, күн нұрына шағылысады. Күрек алайын деп қораға кірді. Есік маңдайшасында бүрісіп отырған қарлығашқа көзі түсті. Жаңылыс көрдім бе деп, көзін уқалап қайта қарады. Өзі асыраған қарлығаш. Атасы кигізген сақинадан таныды. Бұл жайды атасына айтуға асықты, үйге жүгіріп келді де:
- Ата, біздің қарлығаш басқа жаққа қайтпай қалыпты. Қорада отыр, қатты тоңыпты,- деді. Қанатынан жараланған қарлығаш ұшуға дәрменсіз болған соң қалып қойыпты. Оны үйге күтіп асырауға тура келді. Қарлығаш оңай үйрене алмаған соң, атасы темір тор жасап, алдына нан үгіндісі мен тары, су қойды. Бірте - бірте қолға үйреніп, жасқанбайтын болды. Сөйтіп, Асан өзінің кішкене досын қыстан аман алып шықты.
Т. Тойбазарұлы «Қайтпай қалған қарлығаш» (әңгімелеу) жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама