- 29 там. 2015 00:00
- 356
Табиғаттың таңғажайып құбылыстары
Төменде сенгісіз табиғат құбылыстарының суреттері жинақталған.
Грюнер-Зе көлінің су асты әлемі
emgn
Австриядағы Грюнер-Зенің (немесе Жасыл көл) таза және мөлдір жасыл суының көлемі мен тереңдігі әрдайым ауысып отырады. Қыста ол тереңдігі 1-2 метрге жететін кішкене шалшыққа айналады.
Marc Henauer
Жаз кезінде судың деңгейі 12 метрге дейін көтеріліп, маңайындағы саябақтың жолдары, орындықтары жұмбақ Атлантидаға айналады. Дайверлер үшін тамаша жер.
«Алып аюдың» көлеңкесі
huffingtonpost
«Алып аюдың» көлеңкесі Оңтүстік Каролина штатының тауларында жылына екі рет пайда болады. Бұл құбылысты көруге мыңдаған туристер жиналады. Құбылысты қазан айының соңы мен қараша айының басында және ақпан айының ортасынан наурыз айының басынна дейін, күніне жарты сағат уақыттай бақылауға болады. Осы уақытта ғана таулардың көлеңкесі аюдың пішініне ұқсайды.
Піллә ағаштар
DFID
Пәкістанда піллә ағаштар 2010 жылы болған қорқынышты су тасқынынан кейін пайда болды. Миллиондаған өрмекшілер су тасқынынан құтылу үшін ағаштарға шығып жапырақтарды тығыз өрмекпен өрді.
Қызыл күрең түсті көл
tuxboard
Австралияның оңтүстің-батысында орналасқан Хиллиер көлі әлемдегі таңғажайып жерлердің бірі. Оның түсі жыл бойы кез келген температурада сақталынады. Бөтелкеде де судың түсі өзгермейді. Суға ерекше түсті суды мекендейтін микроорганизмдер береді. Суда шомылу қауіпсіз.
Ағаштардағы ешкілер
Fred Dunn
Ағаштағы жайылым мароккалық бербер ауылдарындағы қалыпты жағдай. Лақтар арганияға шығып оның жемістерін жейді. Бұл көрініс туристерді әркез таңқалдырады.
Кемпірқосақ өзен
Eric Pheterson
Колумбиядағы Каньо-Кристалес өзені бірінші жарты жылда әдеттегі өзен, ал маусым мен желтоқсан айларының аралығында түрлі-түсті болады. Балдырлар ауа райының жағдайларына байланысты қызыл, көк, сары, қызғылт, жасыл түстерге ие болады. Жергілікті тұрғындар оны «бес түстердің өзені» деп атаса, туристер «кемпірқосақ өзен» деп атайды.
Миллиондаған қызыл теңіз шаяндарының өрістеуі
huffingtonpost / pinterest
Жыл сайын Рождество аралында 43 миллионға жуық құрлық теңіз шаяндары теңіз жағалауына жұмыртқа басу үшін жаппай жылжыйды. Жергілікті билік өрістуге тосқауыл болмау үшін аралдың көптеген жолдарын бір аптаға жабады.
Көк жанартау
Stéphane DAMOUR
Индонезиядағы Иджен жанартауы көк от тасқынын атады. Бұл жағдай Цельсий бойынша 600 градус температурада күкіртті газының жануынан болады
Өлім алқабындағы жылжыйтын тастар
Trey Ratcliff
Елсіз америка алқабында бірегей геологиялық құбылыс орын алуда. Жартас сынықтары тегіс жердің бетінде артарынан ұзын із қалдырып, еш көмексіз қозғалады. Ғалымдар өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап жұмбақ тастарды бақылады. Өзен бетінде пайда болатын ұйтқымалар аязды түндері қалыптасатын жұқа мұздардың бетімен тастарды жылжытады деген гипотеза бар.
Ваитомо жарық қоңыздар үңгірі
forevergone
Ваитомо жарық қоңыздар үңгірі Жаңа Зеландияның ең көрікті жерлерінің бірі. Елестетіп көріңізші: қайықпен жерасты өзенімен жүзіп бара жатсыз, ал төбеңіздегі тас күмбездерде көгілдір жарық қоңыздар жұлдыздар шоғыры сияқты қаптап тұр. Ғарыш түкпірінде саяхаттап жүргендей әсерде боласыз.
Сахара көзі
Daniel Oines
Сахара көзі немесе Ришат — диаметрі 50 километр болған геологиялық құрылым. Орбитадан қарағанда ғарышқа қарап тұрған құбылмалы көздің қарашығына ұқсайды. Африка шөлінде біркелкі ландшафттан ерекшеленетіндіктен, бір кездері ол ғарышкерлерге бағдар ретінде болған.
Алаулы кемпірқосақ
hannah the sailor
«Алаулы кемпірқосақ» — сирек кездесетін оптикалық әсер. Жер бетінен биікте бұлттар арасында күн сәулелері мұз кристаллдарында сынып спектрге бөлінгенде пайда болады. Құбылысты көбінесе жазда күн көкжиектен жоғары тұрғанда байқауға болады.
Айналмалы найзағай
symbiostudios
Айналмалы найзағай немесе суперселл – өте сирек кездесетін, бірақ ең қауіпті найзағай, құрғай суық ауа жылы тропикалық ауамен түйіскенде пайда болады. АҚШ-та Ұлы жазықтар аймағында Торнадо алқабында көп кездеседі. Қауіпсіз қашықтықтан бақылауға тұрарлық көрініс.
Намибиядағы марсияндық көрініс
Sally Shaheen
Бұл әрине марсияндық көрініс емес, бірақ та өте ұқсайды. Намибиядағы Намиб-Науклуфт паркіндегі мумифицирленген өлі акациялар әлемдегі ең биік қызғылт құм төбелерінің аясында тұр. Ағаштар тас боп қатып қалған, айналадығы ыстық ауа оларды шірітуге жол бермейді.
Алыптардың мұзды үңгірлері
pixcooler
Скафтафель исландық паркіндегі мұзды үңгірлер мыңжылдық мұздардың қатпарлануының нәтижесі. Күн жылып, жаңбыр жауғанда үңгірдің қабырғалары жұқарады. Үңгірге өтетін күн сәулелері мұздарды бағалы жақұттарға айналдырады. Бұл үңгірлер қысқа ғұмырлы болса да олардың әдемілігі керемет.