- 29 там. 2015 00:00
- 207
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жылдың желтоқсан айында Қазақ елі бастамасымен 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.
Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартқа қол қою - Қазақстанның қарусыздандыру саласындағы тарихының ең маңызды оқиғасы болды.
Президент Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми құжаты ретінде таралған арнайы мәлімдемемен сөз сөйледі.
Мәлімдемеде Қазақстанның қазіргі жүзжылдықтың ең ірі келісімдерінің бірін дайындауға қосқан үлесіне ерекше көңіл бөлінген.
Бұл атаулы дата - БҰҰ, әлем елдері, үкіметаралық және ҮЕҰ-дың Ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясының осыған сәйкес қарарының преамбуласында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жойқын апат салдарына жол бермеу арқылы ядролық сынақтарға нүкте қою қажеттігі көрсетілген.
Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірін жабу туралы Жарлығы және әлем бойынша 4-ші орында болған ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешімді қабылдаған Қазақстан халқының әрекеті әлемді ядролық қарудан азат етудің жарқын үлгісі саналады.