Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады — БҒМ

Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдай бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты.

«Цифрландыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Біз биыл бірінші рет цифрлық режимде ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдадық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда құжаттардың саны біраз көбейді. Цифрландыру мәселесі ары қарай да біздің басты назарымызда болады», — дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, енді ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау науқаны басталады. Бұл мәселені де қазіргі жағдайға сәйкес дұрыс жолға қойып, тиімді іске асыру керек. «Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек колледж бен ЖОО-ға құжаттар тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да 6 құжаттан тұрады. Бұл құжаттарды жинау үшін шамамен 4 мың теңге кетеді. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», — дейді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама