Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Талай тарландар табан тіреген құтты мекен!

Міне, көзді ашып-жұмғанша, тағы бір оқу жылына қадам бастық. Балапандарымыз бір-бір жасқа есейіп, алтын ұя мектебімізге қайта оралды.

Биылғы жыл еліміз үшін ерекше жыл болды. Әлем көз тігіп отырған ЕХСПО-2017 көрмесі де сәтті басталып, ойдағыдай аяқталды. Сондай-ақ, халқымыздың біртуар ұлы алғашқы дипломат, елші Н.Төреқұлов есімді Алаш ардақтысы 125 жасқа толса, сол ұлы тұлғаның есімін иелену біздің еншімізге бұйырған екен. Мектебіміз биылғы оқу жылынан бастап, «Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп аталуда.

«Мен сіздерге - жаңа буын Қазақстандықтарға сенемін. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер»-дейді Елбасымыз.  Иә, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамды қашанда ілгері жетелейтін күш-білім. Әсіресе, бүгінгі ХХI ғасыр ұрпақтарының алтын қағидасы осы сөз болуы тиіс. Өзіндік пікірі қалыптасқан, шығармашыл да іскер, ана тілін сүйетін, ұлттық мұраларын құрметтейтін, Отанын жанындай сүйетін тұлға тәрбиелеу-әр ұстаздың міндеті.

Біздің мектебіміз оқушылардың өмірлік жолын қалыптастыруда ата-аналармен байланыс орнатуды басты критерий ретінде алған. Ұстаз, ата-ана және жас өскін-үшеуінің ой-пікірі бір арнада тоғыспай, болашақты бекем қалау қиын.

Халқымыз Тәуелсіздік жемісінің игілігін көріп, туымыз көкте желбіреп, Елбасымыз еңсемізді көтеріп, Әнұранымыз жан дүниемізді асқақтатып, ертеңгі болашаққа нық қадам басып жатқанына ширек ғасырдан асты.

Бүлдіршіндеріміз ұлы да ұлық ұстаз деген қадірлі адамнан дәріс алуда. Біздің мектеп ұжымының алдына қойған басты мақсаты- әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр.

«Білім-құрал. Білімді адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді»-деп А.Байтұрсынов айтқандай, енді мектебіміздің  (2016-2017) өткен оқу жылындағы оқу жетістіктеріне тоқталсақ:

Мектепте 21 пән апталықтары өтіліп, оқушыларымыз жоғары дәрежеде білімдарлықтарын көрсетті. Аудандық пән олимпиадаларында математика пәні бойынша 8 сынып оқушысы Амангелді Рамазан; Турсынбаева Шолпан, Алиев Ерсұлтан -9 сынып оқушылары  орыс тілінен; Мамберді Сандуғаш-8 сынып оқушысы, Ораз Нурсултан - 10 сынып оқушысы орыс тілі пәні бойынша; 11 сынып оқушысы Феодорова Марина қазақ тілінен жүлделі орындарды иеленді.

Интернет олимпиадаларынан - 40 оқушы, 15 мұғалім жүлдегер атанды. Ұлықбек Дана, Сапарова Жанель, Ниязбек Нурсымбат, Әмзе Айсұлу, Сыздық Асылжан, Дарменов Орынтай, Сыздық Мерей, Әбдәшім Сымбат, Әбдәшім Гүлсая, Избасар Ульмира, Сапарымбетова Ақниет, Бахтиерова Бағила, Каримбай Малика, Нурыш Ұлжан, Мамберді Сандуғаш, Құрманәлі Арай, Дүйсенбек Ақжүніс, Жаппарханова Айнұр,  Пердебаева Аружан, Ермаханбет Динара, Қасым Аяжан пән мұғалімдері:  Р.Ерназарова, С.Серикбаева, Г.Байменова, З.Тажибаевалар.

«Самұрық» зияткерлік олимпиадаларына қатысып, орын алған оқушылар – Нуржаубаева Аида, Алғабай Әділет, Лесбек Керемет, Асылхан Бекзатқали, Жұпарбек Кәусар, Алимхан Асылхан, Қамбар Бибарыс, Әуелбеков Руслан, Ергеш Арайлым, Айдархан Рахат, Матжан Бағдаулет, Сапархан Аида жетекшілері: Н.Артықбаева, С.Шарипова, Ж.Турегелдиева, А.Идирисова, М.Нақыпбекова, Г.Бексеитова, Г.Кадимовалар.

«Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасында Өтеген Айдана, Рысбек Дина, Сапархан Аида, Сұлтанхан Аяжан, Таңсық Ақнұр, Қасым Аяжан, Алибек Ардақ, Ергеш Арайлым,  Срайл Аружан, Сапархан Мерейлер жүлдегер атанды.

BS-PRESS пән олимпиадасында орыс тілі, математика, физика пәндері бойынша бірнеше оқушыларымыз жүлдегер болды: Күдерхен Бота, Момбекова Диана, Мусаев Рамазан, Нұрланқызы Аида, А.Нуржаубаева, Алғабай Әділет, Дүйсенбай Балнур, Қалдар Амина, Өтеген Аида, Қасым Аяжан, Ибадулла Ақнұр, Таңсық Ақнұр, Алғабаева Салтанат;    Аймақтық математикалық олимпиадада Сыдық Аружан, Аяжан Қасым, Сыдықова Ақжүніс орын алса, «Алтын ұрпақ» олимпиадасында Сейдәзім Рәзия, Ташкенбай Асылбек, Ергеш Арайлым, Пердебай Аружан, Бекзатғали Асылхан,  Унгарбекова Жібек сынды оқушыларымыз топ жарды.

Сәуірдің 25 жұлдызында ОЖСБ өтіп, 4, 9, 11 сыныптарымыз аудан бойынша тапсырған 26 мектеп ішінде 6 орынға тұрақтады.

Жас ақындар сайысында топ жарып жүрген бірнеше бүлдіршіндеріміз мектебіміздің абыройын асқақтатуда. Матжан Бақдәулет, Әбдәшім Гүлсая, Пазулдин Жаннаттар түрлі мүшәйраларға қатысып, орын алуда. 

Қазіргі күнде мектебіміз қазақ елінің талай тарландары табан тіреген құтты мекенге айналған десек, артық айтқандығымыз емес.  Атап айтар болсақ, халық жанашыры, нар тұлғалы ұлы ақын  Мұхтар Шаханов, ақын Әбілдә Аймақ, ақын Мылтықбай Ерімбетов ағаларымыз, сазгер Исраил Сапарбай, «Қылмыс пен жаза» бағдарламасының жүргізушісі Нартай Өтегенов, Елбасымыздың сыныптасы Роза Төлемісқызы, «Жайдарман» КВН ойынының авторы әрі жүргізушісі Есен Елеукен, боксер, Европа чемпионы С.Нурказов сынды атақты тұлғалардың қонақ болуы оқушыларымызды биік шыңдарға жетелейді.

Спорт саласында да оқушыларымыздың жеткен жетістіктері аз емес. Стол тенисі бойынша А.Мамай, Н.Серикбай, Д.Мухамед-Али бірнеше рет ҚР чемпионы болса,Еркін күрестен Ануарбек Жандос, -ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанды. Рухани бай мұраның жалғастырушысы –Мамарахим Сқлтанбек Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсында жүлделі 2 орынды иеленсе, жасөспірімдеркомандалары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігінде Амангелді Рамазан 2 орынды иеленді. Ал, өткен оқу жылында мемлекеттік грантты иеленгендер саны 7 оқушы болды.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші,-осындай дарынды, талантты шәкірттерді тәрбиелеп жүрген ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Ұстаздар қауымы өздерінің еңбектерін дәстүрлі түрде аудандық, облыстық баспа беттеріне жариялап тұрады. Биылғы оқу жылында жоғары санатты -30 мұғалім, бірінші санатты-26, екінші санатты мұғалімдір саны -41.

Қорыта айтқанда, мектебіміздің аз уақыт ішіндегі қол жеткізген табыстары мектеп директоры Сәкен Сабырхановтың ұстаздарға дұрыс талап ойып, сауатты басшылық жасауының нәтижесі деп білеміз. Бірлік бар жерде тірлік бар деген. Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бағындыра беретінімізге сенемін. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, балаларымыз ғұмырлы болсын! Мектебімізге атауы берілген Нәзірдей нар тұлғалы азамат ағамыз секілді, кейінгі буын ізбасарлары- метебіміздің әр бір шәкірті елімізге өзінің пайдасын тигізер ұландары болып, қияға қанат қаға берсе, бізге одан асқан бақыттың керегі де шамалы.

Гулназира Абеуова
«Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» КММ
директордың бейіндік оқыту және әдістемелік
жұмыстар бойынша орынбасары


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама