Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тақырыбы: Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы

Тәлімгерліктің жалпы мазмұны:
1. Тәлім алушының оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи бай білімді игеруі.
2. Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету үшін тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.

Тәлімгерліктің мақсаты:
Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету;
Тәлім алушыны оқушылардың топтық жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру, өз тәжірибесіне бейімдеп енгізуге ұсыныс жасау;
Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін бағалау (жиынтық және формативтік) тиімділігін қамтамасыз етуде тәлім алушыға көмек көрсету;
Жаңа сабақ жоспарының тәлім алушының нақты сабағында тиімділігін тексеру.

Тәлімгерлік нәтижелері:
7 модуль туралы түсінігі қалыптасады;
Топтық жұмыстағы жаңа әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесінде қолданады және
топтық жұмыстың тиімділігіне көз жеткізеді;

Тәлімгер ретінде жүргізілетін іс - шаралар жоспары
Жүргізілетін жұмыс түрі
1. Тәлім алушымен сұхбат, келісім парағын толтыру, қажеттілігін анықтау
2. Курстың мақсаты, мазмұны және 7 модульмен таныстыру
3. Тәлім алушы мұғалімге қажеттілігіне сәйкес әдістемелік көмек көрсету
4. Оқушыларды бірлесе зерттеу жоспарын құру
5. Коучинг сабақтарға қатыстыру
6. Жаңаша сабақтың жоспарын құрастыру
7. Тізбектелген сабақтарға қатыстыру
8. Сабақ кестесі бойынша тәлім алушының өзгертілген сабақтарына қатысу
9. Өткізілген сабақтарға талдау жасау
10. Пед. кеңесте тәлім алушы мұғалімнің іс - тәжірибесімен бөлісу
11. Тәлім алушы мұғалімнің ашық шарасына қатысу
12. Тәлім алушы топ мұғалімдерінің апталығына қатысу
13. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы (бейресми сұхбат)
14. Қорытынды (сұхбат)

Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама