Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Таразда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды

Тараз қаласында қалалық №11 автобустың жүргізушісіне жолаушы пышақпен шабуыл жасады. Оқиға кешке қарай болған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы автобус маршрутының аяқталғанына қарамастан, жүргізушіден әрі қарай жүруді талап еткен. Осыдан кейін жанжал шығып, жүргізуші пышақ жарақатын алған.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

Жарнама