- 05 нау. 2024 04:10
- 182
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық»

Қатысушылар: тәрбиешілер
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір – бірлеріне деген достық сезімін арттыру. Тәрбиешілердің педагогикалық рефлекциясын дамыту. Шығармашылыққа, әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін – өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Ойынның барысы:
Қайырлы күн! Менің «ДОСТЫҚ» атты іскерлік ойыныма қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір – біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір – бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір – бірімізге жылы сөз айтып береміз.(барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір – біріне береді)
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін сіздер екі топқа бөлініңіздер.
№1 Тапсырма
Сұрақ – жауап сайысы
1. Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат? (Стандарт)
2. Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады?(Тәртіптік кезең)
3. Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімнен тұрады?(5сала бөлімнен)
«Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)
Балабақшадағы 2 - 3 жас аралығындағы топ бағдарламамен жұмыс істейді?(Алғашқы қадам)
Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (Индикатор)
№2 Тапсырма.
Сурет салу:
Жай музыканың ырғағымен әр тәрбиеші бір – бірден түрлі – түсті бояумен, қылқаламмен сурет салады. Салып болған соң сол суретке ат қояды да 4 шумақ жол тақпақ шығарады.
№3 Тапсырма
Өлең жолын табу.
Шәмши Қалдаяқов. Ескендір Хасанғалиев(Ақ бантик, Атамекен)
№ 4 Тапсырма
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші: Жайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Терең демалыңыздар, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып – жылы әрі жұп – жұмсақ. Сіз қолыңызды бос тастап басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерініңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Қорытынды: «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз ушін бір – бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғаным, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімді аяқтаймын. Рахмет!
Есік қаласы
Психолог: Бекпаева А. Б.
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын «Достық» слайд жүктеу