Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Тарих тамыры тереңде
Сабақтың тақырыбы: Тарих тамыры тереңде (6 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қазақстан тарихы пәнінен тас дәуірі кезеңін ен өткен тақырыптардан білімдерін тексеру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың бір - біріне деген қарым - қатынасын, сөйлеу, ойлау шешендіктерін арттыру.
3. Тәрбиелілік. Оқушыларды елсүйгіштікке, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды жан - жақтылыққа, білімділікке ұмтылдыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелер, слайдтар,
Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұраққа жауап алу, ойын технологиялары, ізгілендіру технологиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, казіргі заман тарихы, информатика.
Жүргізуші мұғалім: Армысыздар, қадірменді, білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар! Бүгінгі сайыс сабағымызды елбасымыз Н. Назарбаевтың «Бүгінгі күнді түсініп - түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» сөзімен ашқым келіп тұр. Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де білім саласындағы Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі. 20 жыл толып отырған шақта мектебіміздің білімді оқушылары арасында бүгінгі сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім – Қазақстан, Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі,- дей келе, сайыстың топтарымен таныстырып өтейін: 1 - тобымыз: «Жас қыран» 2 - тобымыз: «Барыс» Мұғалім: Құрметті ойыншылар және көрермендер! Келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.
«Бәйге»
«Көкпар»
«Ғажайып алаң»
«Егер де мен»
«Жорға»
Мұғалім: Еліміздің тәуелсіздігі ата - бабаларымыздың асқақ арманынан туған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс куәгері сіздерсіздер дей келе, ойынымызды «Бәйгеге» қосайық.
І.«Бәйге» ережесі. Әр команда мүшесі бір - бірден сұрақтар алып, тез арада жауап беруі тиіс.
«Жас қыран» тобына сұрақтар:
1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады? (тастан)
2. Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам? («саналы адам»)
3. Мезолит заманының үлкен жаңалығы. (микролит)
4. Неолитті кейде қалай атаған? («қыш құмыралар заманы»)
5. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы. (тотемизм)
6. Ең бірінші қолданылған металл (мыс)
«Барыс» тобына сұрақтар:
1. Питекантроп, синантроп ғылымда қалай аталды? («тік жүретін адам»)
2. Германия жерінен табылған мустье кезеңі адамы («неандертальдық»)
3. Туысқандар ұжымы: (рулық қауым)
4. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды? (мезолитте)
5. Өнімді еңбек қашан пайда болды? (неолитте)
6. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен (Шебір)
ІІ. «Көкпар» ережесі: Мақал - мәтелдегі көп нүкте орнына сөзді тауып, орыс тіліне аудару.
1. Туған жердей... болмас,
Туған елдей ел болмас. (жер, земля)
2. Еріншек... істейді. (екі, два)
3.... пейілді болса, шәкірті зейінді келеді. (ұстаз, учитель)
4. Білім - теңіз, мектеп -... (кеме, корабль)
5. Отансыз... ормансыз бұлбұл. (адам, человек)
6. Көсем ел бастар, шешен... бастар. (сөз, слово)
ІІІ. Отаншылдық – білімділік. Көп оқыған, білгені мол адам әділетті, айбынды бола алады.
Яғни, қоғам тағдыры, білімді ұрпақ өздеріңнің қолыңда. Сонымен келесі кезең – «Ғажайып алаң»
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 - дық сұрақтары: 1. Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді (3, тас, қола, темір дәуірі)
2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары(қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы)
20 - лық сұрақтары: 1. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары(аю, бизон, мамонт)
2. Питекантроптың қаңқасы қайдан табылды?(Ява аралы)
30 - дық сұрақтары: 1. Бифас деген не?(Екі жағынан өңделген шапқыш тас құрал)
2. Жер беті күрт суи бастаған кезең(бұдан 100 мың жыл бұрын.)
40 - тық сұрақтары: 1. Мұздықтар ери бастаған кез(13мың жыл бұрын)
2. Инициация деген не? (Балалар тобынан ересектер тобына өту)
IV. «Егер де мен...» ережесі: Бірнеше тақырыптар ұсынылады. Соның біреуін алып, оқушылар өз ойын айтады. Уақыты 3 мин, онда оқушы шешендік өнерін, ой қорын, тілдік байлығын байқату қажет.
Жүргізуші:
«Білгенге білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер білім, өнеге мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасында» деп Омар ақын айтқандай, сайысшыларымыздың шешендігін байқайық.
«Егер де мен Президент болсам...»
«Егер де мен ауыл әкімі болсам...»
«Егер де мен ақын болсам...»
Оқушылар тақырып таңдап, шығармашылықпен жұмыстанады.
V. «Жорға» ережесі. Топ басшылар сайысы.
Сөздер жасырынған, біреуін таңдау арқылы керекті сөздерді топтастыру қажет.
«Мезолит» сөзі және «Палеолит»сөзі. (Топтастыру)
Әділқазыларға сөз беріп, топтарды марапаттау.
Мұғалім: «Дана халқымыздың қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсыңның жүрегің елім деп соғады, елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқың үшін қызмет етуге міндеттіміз.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата - баба арына!
Үлгі біздің ағалардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама