Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
"Тарих толқынында" еңбегінің "Алаш мұрасы және осы заман" тарауына мінездеме

Елбасы Н.Ә. Назарбаев ардақты Алаш зиялыларының парасаттылығы, жалпы адамгершілік тұтастығы, көрегенділігінің негізі ертеден бастау алғанымен сөз сарынын бастайды. Алпауыт хандардың іс – әрекеті, түбегейлі жеңісі сол заманның қара қылды қақ жарған ақылгөй – ақсақалдарымен жүзеге асып отырды, халықты бейбіт заманда, ымырашылдықта ұстап, көк аспан төрінде қазақ ұлтының коды негізделіп, орнығып жатты.

Дәл солай, жиырмасыншы ғасырдың басына қарай көз жүгіртер болсақ, Алаш зиялыларының тұлға танытып тұрғандығы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қазақтың ұлттық идеясын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуді қолға алған рухани – ізгі тұлғалар бұл аманатты толығымен орындай алды. Қалай дегенмен де бүкіл саналы ғұмырын халқына арнап, жазықсыз айып тағылып, қазақ ұлтының көсемдерін жаппай ату жазасына кесілуінде де бір астыртын, зерделі түйін жатыр. Аруақтары да қазақ халқын қорғап – қоршап жатыр деп есептейміз.

Ұлт азаттық қозғалысының басшылары – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақытжан Қаратаев, Халел мен Жанша Досмұхамедовтер жəне тағы басқалары —Петербург, Мəскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор қалаларының жоғарғы оқу техникум училищилерінің түлегі екендігін жазып қалдыра отыра, ұлт бастаған көсемдердің біліммен қаруланған, нағыз ұлтанды тұлғалар екендігін баса айтады.

Елбасы өзінің еңбегінде, Алаш зиялыларының жалпы мүддесі, көздеген мақсаты, тұлғалар сипатына тоқтала отырып, қиын – қыстау заманда қазақ елінің басына түскен патша өкіметінің озбырлық саясатына қарсы тұрған майдандық жолын суреттей бастайды. Бірінші орыс революциясы орын алған (1905 – 1907жж.) кезең - қазақ даласындағы ұлттық қозғалыстың бел алуына өз ықпалын тигізді. 1905 жылы шілденің 25 – күні  Қарқаралы қаласының маңы Қоянды жəрмеңкесінде “ Алаш” көсемдерінің бастамасымен казақ съезі өтті. Қазақ съезі ұлттың өзіндік жалпы болмысын, егемендік дербестігін, тілін, дінін, аумақтық жерін толыққанды сақталуы шарасында - арнайы ұсыныстары осы мәнде болды. Атап өтетін болсақ, онда мынандай талаптар қойылды: шаруаларды көшіріп əкелуді тоқтату, қазақтар үшін дербес діни басқарма ұйымдастыру, цензураны жою, ресми іс қағаздарын қазақша жүргізу, қазылар сотын енгізу, қазақ депутаттарын Мемлекеттік Дума шақыру туралы жобаны жасау жөніндегі кеңестің жұмысына қатыстыру. Міне, халқының тұтастығын, елі мен жерінің амандығын қызғыштай қорғаған Алаштың зиялылары қас – қағым сәтте жоғарғы дәрежеде қорғап, қарсы тұрып, елдің негізгі тірегі болып отырды.

«I жəне II Думалардың құрамына Ə. Бөкейханов, Ш. Қосшығұлов, Б. Қаратаев сайланды, Олар жаңа аграрлық реформа мен қоныс аудару саясатын қайта қарау талабын алға тартты».  Жоғарыда келтірілген деректер Патша үкіметінің қазақ халқын уақытша алдап, құрыққа түсіруінің негізі – Мемлекеттік Дума жайында. Алаш зиялылары Мемлекеттік Дума I, II депутаттарының қызметіне басшы етіп тағайындалды, осы тұста Елбасы Н.Ә. Назарбаев ардақты Алаш өкілі Бақытжан Қаратаевтың Думада жасаған үндеуіне ерекше тоқталып, баса назар аудартады. Бақытжан Қаратаев патша өкіметін Қазақстанда орын алып отырған аграрлық қиындық мәселені «қазақ жеріне, атап айтқанда, Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарына орыс мұжықтарын әкелумен шешуді» құптамайтындығын, оның келер теріс жақтарын тізбектеп мәлімдеме жасағанын жазып келтіреді. Міне, бұл Алаш өкілдерінің қазақ жеріне сіңірген елеулі еңбектерінің бірі ғана, бұл негізінде нағыз ерліктің, ішкі бекінген ұлтжандылықтың, келер ұрпаққа деген, ұлттың болшағын жақсы бағытта түзеуге деген ұмтылыс, қарсы тұру майданының көрінісі еді.

1907ж. 3 маусымына сәйкес, көшпелі қазақ халқы сайлау құқығынан айырылғанын және қазақ ұлттық көсемдеріне жаңадан қуғын – сүргін жылы бастау алғанын жазып келтіреді, қосар дерек, 1908 жылдың Ә. Бөкейханов екінші рет тұтқындалды, 1908 жылғы 3 шілдеде А. Байтұрсынов ұсталған еді.

Елбасы қазақ халының көзі, тілім һәм құлағы рөлін атқарған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының қараша халыққа маңыздылығын алға тартты, редакорлары мен шығарушыларын («Айқап» - М. Сералин мен Е. Əлімов, Батырша Қайырниязов, Мұхаммед Қараша, Ғұмар Қарашев т. б, «Қазақ» - А.Байтұрсынов, Ə. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Досмұхамедов т .б) дәріптеді.

1916 жылғы Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс -  1916 жылғы 25 шілдеде Николай II қол қойған 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. 1916 жылғы 13 желтоқсандағы жабық мəжілісте А. Ф. Керенскийдің жергілікті халықтан əскери қажетке ат, киіз үй, түйе жəне басқа заттардың тым алынуы жайлы сөз болды. Осы тұста 1917ж. қазан, ақпан төңкерісі мен 1914 – 1918 жж. бірінші ДЖС кезіндегі Алаш зиялыларының ұлттық мүдде сарынымен мүдделес іс – әрекеттерін ашып, деректер келтіреді.

Қазақ әр кезде «Алашын» жадыда ұстайды, жүрегінде бекітеді. Мәңгі тағзым!

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

Журналистика факульеті 

1 - курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама