Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 апта бұрын)
Тарихтан сайыс сабақ
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы
орта жалпы білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева

Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып.
Тақырыбы: Жыл соңындағы қорытынды - қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалдарды меңгеру дәрежесін көтеру.
Дамытушылық: оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды, оқып үйренуге, шапшаңдыққа баулу. Қорытынды жасауға үйрету арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамытуға, тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды өзін - өзі бағалай білуге, еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, семантикалық карта, сәйкестендіру тест, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, Қ. И. Сәтбаев, Ә. Х. Марғұланның портреттері, суреттер, топтың атауы жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
(Сынып оқушыларын топқа бөлу, топ басшыларын сайлау)
Қайталау сабағына арналған сабақ сайыс түрінде өтеді. Сынып бес оқушыдан 3 топқа бөлініп, жыл бойы тарихтан алған білімдерін қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді. Әр топқа бағалау парағы таратылады.

Өткізу барысы:
І кезең. Семантикалық карта.
ІІ кезең. «Сәйкестендіру тест».
ІІІ кезең. «Суреттер сөйлейді»
ІҮ кезең. «Тарихты жақсы білеміз бе?»
Ү - кезең. Картамен жұмыс.

І кезең Семантикалық карта.
Бұл тапсырманы барлық топта орындайды (кесте көрсетіледі)

ІІ кезең. Сәйкестендіру тест.

1. Тік жүретін адам өкілі --------- А ------- Неандерталь, кроманьон
2. Саналы адам өкілі --------- Ә --------- Беғазы - Дәндібай, Андрон
3. Қола дәуірі мәдениеті --------- Б ------- Питекантроп, синантроп
4. Сақтардың әлеуметтік топтары В «Есік» қорғаны, «Шілікті» ескерткіші, «Аралтөбе» қорымы
5. Сақ топтарының аты ----------- Г --------- Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар
6. Алтын киімді адам табылған жерлер ----- Ғ -- Абыздар, малшылар, егіншілер
7. 7. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері ------ Д ---- Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга

ІІІ кезең. «Суреттер сөйлейді.
Интерактивті тақтадағы бейне көрсетілімнен кейін әр топ «Бұл кім?, Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.

Жауаптары:
1. Рулық қауым
2. Тамғалыдағы суреттер
3. Үйсін тайпасы
4. Шірік - Рабат
5. Геродот
6. Ә. Марғұлан
7. Қ. И. Сәтбаев

IV Кезең. «Тарихты жақсы білеміз бе?». Ұяшықтарда 10, 20 30, 40, 50 - балдық сұрақтарды таңдап, топ мүшелері өзара келісе отырып, жауап береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама