коллаж politico.kz
- 16 сәу. 2026 21:01
- 71
Ақтаудағы асаба мен жұбайының жеке бейнежазбасы тарап кетті: Екеуі халықтан көмек сұрауда
Ақтауда танымал асаба мен оның жұбайына қатысты жеке сипаттағы бейнежазбалардың таралуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдайдан кейін ерлі-зайыптылар әлеуметтік желі арқылы көпшілікке үндеу жасап, жағдайдың өздеріне ауыр тиіп жатқанын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олар халықтан видеоның әрі қарай таралуын тоқтатуға көмектесуді сұрап, былай деді: "Барша қазақ елінен көмек сұраймыз!!! Видеоның таралмауына ат салысайық. Осы видеоны таратып немесе өздеріңіз өз сөздеріңізбен сторис пост салып қолдасаңыздар!!! Анама, әйеліме, отбасыма қатты қиын болып жатыр. Бізге қастандық жасап, видеоны таратып жіберуіне байланысты көмек сұраймыз. Қазір үлкен резонанс болып жатыр. Өзімізге де жіберіп жатыр. Ол видеоның желілерде сатылуын тоқтатуға көмектесіңіздерші. Таратып жатқан адамдарды заң жүзінде тексеріп жатыр. Барлығы өз жазасын алатын болады. Жан-жақтан шабуыл. Мен шыдамаймын ары қарай", – деді асаба.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, бұл жағдай әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін. Қазіргі таңда видеоны таратқан тұлғаларға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Олар көпшіліктен түсіністік танытып, жеке өмірге қол сұқпауды сұрады.