Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 43 минут бұрын)
Еуропада әлемдегі ең ұзын теміржол туннелі салынуда

Альпі тауларының астынан өтетін әлемдегі ең ұзын теміржол туннелінің құрылысы Еуропада басталды. Бұл ауқымды жоба Австрия мен Италияны байланыстырып, Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы трансеуропалық теміржол дәлізінің маңызды бөлігі болады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туннельдің ерекшеліктері

Жобаның басшысы Себастьян Райманнның айтуынша, бұл туннель – бүкіл еуропалықтардың ортақ еңбегі. Құрылыс жұмыстарына 11 елден мамандар мен жетекші еуропалық компаниялар тартылған.

Туннельді қазу үшін қуаттылығы 6000 ат күшіне тең арнайы бұрғылау машиналары қолданылады. Бұл машиналардың кейбірінің биіктігі 20 метрге жуықтайды және жүздеген метрге созылады.

Жобаның маңызы

64 шақырымдық бұл теміржол туннелі тек көлік қатынасын жақсартумен шектелмейді. Ол Еуропаның экономикалық және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосады. Бұл жоба Еуропаның интеграциялануына және әртүрлі елдер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Жаңалықтар

Жарнама