sn.kz
- 01 мам. 2026 21:31
- 23
Ақтауда дәрігер өліміне қатысты сот процесінде қызғаныш себеп болғаны айтылды
Ақтаудағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта Жаңаөзенде болған дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің өліміне қатысты резонанстық іс қаралды. Жас терапевт 28 қаңтарда пышақ жарақатынан қайтыс болған еді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот процесіне қатысқан блогер Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Айыпталушы – 14 жыл бойы отбасын құрып, бес қыз тәрбиелеп отырған ер адам. Ол әйелінің опасыздығын көтере алмай, жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқан.
Қызғаныш пен қатыгездік
Блогердің сөзінше, айыпталушы жұбайының тағы да опасыздығын растайтын деректерді алған соң, қатты күйзеліске ұшырап, қарсыласының жұмыс орнына барып, бірнеше рет пышақтап алған. Кейін ол өз еркімен полицияға берілген.
«Бір ғана жағдайдың кесірінен екі адамның тағдыры талқандалды: бірі қаза тапты, енді біріне ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр», — деді блогер.
Тергеу және сот процесіне қатысты өзге мәліметтер кейінірек жарияланады.