Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қазақстандағы үш қалада автожол белгілері мен сызықтары өзгереді: себебі – автопилотты көліктер

Қазақстанда автопилотты таксилер мен жеткізу дрондарының сынақтары басталады. Осыған байланысты Астана, Алматы және Қосшы қалаларында жол белгілері мен сызықтары өзгереді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қай қалаларда сынақ өтеді?

Алғашқы кезеңде автопилотты таксилерді сынау Астана, Алматы және Қосшы қалаларында жоспарланып отыр. Нақты маршруттар мен көлік саны кейін анықталады. Бұл параметрлер пилоттық бағдарлама бекітіліп, технологиялар дайын болғаннан кейін белгіленеді.

Алматыда қазірдің өзінде дрондар арқылы тауар жеткізу жобасы жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның параметрлері отандық және халықаралық компаниялармен бірлесіп пысықталуда.

Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

Автопилотты көліктерді кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Дрондар үшін де сынақ режімі қарастырылған. Ең бастысы – қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау.

Қалаларда сынақтарды бастамас бұрын келесі кезеңдер өтеді:

«Алғашқы кезеңде көлік салонында резервті жүргізуші болады. Ол кез келген қолайсыз немесе қауіпті жағдайда бірден рульге отыра алады», – деп атап өтті ведомстводан.

Егер жүйе қауіпсіз және сәтсіздіксіз жұмыс істесе, одан әрі жүргізушісіз, бірақ қашықтан тұрақты бақылаумен толық автопилотты режимге көшу мүмкін болады.

Жол инфрақұрылымы қалай өзгереді?

Жобаны іске қосу үшін жол инфрақұрылымын бейімдеу қажет. Атап айтқанда, келесі жұмыстар жоспарланған:

Инфрақұрылымды дайындау бойынша негізгі жұмыстар 2026 жылдың бірінші тоқсанында Астана және Алматы әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілмек.

Қандай жағдайда кім жауапты болады?

Жол-көлік оқиғалары мен басқа да инциденттер болған жағдайда, әрбір қатысушының рөліне байланысты оператор, көлік иесі және өндіруші арасында жауапкершілік бөлінеді. Қазіргі уақытта тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр.

Қашан іске қосылады?

Автопилотты таксилерді сынау әлі басталған жоқ. Жоба бағдарламаны дайындау және бекіту кезеңінде. Ол бекітілгеннен кейін нақты аймақтар, шарттар және іске қосу форматы анықталады. Такси жобасы шамамен 3 жылға есептелген. Ал дрондар бойынша жақын арада Алматыда сынақ ұшулары күтілуде.

Жоба қалай дамиды?

Бүкіл ел бойынша ауқымды жобаны іске қосу туралы шешім пилоттық жоба аяқталғаннан кейін қабылданады. Ол үшін технологияның қауіпсіздігі, тиімділігі мен тұрақтылығы бағаланады, сондай-ақ инфрақұрылым мен реттеу ережелері жетілдіріледі.

Сынақ ұшуларын кім қаржыландырады?

Жоба бюджет қаражаты есебінен емес, қатысушы жеке компаниялардың қаржыландыруымен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде автопилотты технологиялар қалалық ұтқырлық (автопилотты такси) және логистика мен жеткізу (дрондар) салаларында қолданылады.

Жаңалықтар

Жарнама