Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 55 минут бұрын)
"Не деген дух": Шерхан Мұртазаның Назарбаевқа айтқан сөзі желіде қызу талқыланды

TikTok желісінде жазушы Шерхан Мұртазаның Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқан сөзі жарияланды. Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шерхан Мұртазаның Назарбаевқа айтқан сөзі

Жазушының жалынды сөзі желіде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды. Ол өз сөзінде халықтың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

"Сізге ақыл үйретейін деген ниетім жоқ. Бірақ халық айтады. Халық не дейді? "Араны ашылған тойымсыз қыран не аңды алады, не аңшының өзі алады", дейді. Осыған қатты мән берсеңіз болар еді", - деді Шерхан Мұртаза.

Желі қолданушыларының пікірлері

Әлеуметтік желідегілер жазушының бұл сөзіне әртүрлі баға берді. Көпшілігі оның батылдығы мен турашылдығын жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.

"Не деген дух десеңізші", "Тура бетіне айтқан екен", "Бұл нақыл сөзді ақыры түсінбестен кетті", "Керемет жеткізді", "Шерхан атам не деген мықты тұлға", - деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтар

Жарнама