Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 минут бұрын)
Қостанай тұрғындары ыстық сусыз қалады: Қалалық жылу компаниясының хабарламасы

Қостанай қаласында 4 мамырдан 16 маусымға дейінгі аралықта тұрғындар ыстық сусыз қалады. Бұл туралы «Қостанай жылу энергетика компаниясы» МКҚ хабарлады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар (прессовка) жүргізіледі.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – құбырлардың беріктігі мен герметикалығын тексеріп, әлсіз жерлерін анықтап, келесі қысқы маусымға жылу жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету.

Бұл сынақтар 4 мамырда басталып, 16 маусымға дейін созылады. Осы кезеңде қаладағы бірқатар жылу магистральдарында жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары да жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары 3-5 айға дейін жалғасады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақтар:

Гидравликалық сынақтар жүргізілуіне байланысты, жұмыстар аяқталғаннан кейін 276 тұрғын үй уақытша ыстық сусыз қалады. Компания мамандары бұл шаралардың жылыту маусымына дайындықтың маңызды бөлігі екенін және қаланың жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама