Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тауасар батырдың жас шағы

Тауасар он сегіз жасқа шығып, күш-қайраты толысып, ел алдына, ер қатарына ілінген кезде жоңғар шапқыншылары қазақ жеріне шабуыл жасайды. Бұған қарсы орта жүз ханы Әбілмәмбет үш жүзге сауын айтып, атшабар аттандырып, қол жияды. Ер азамат біткен ереуіл атқа ер салады.

Бұл кезде қареке-биболды руының атақты биі Қамен би өз елінің қолбасын сайлап, сарбаздарына сәтті жол тілеп, аттандырып жатады. Сондай қарбалас күннің бірінде олардың есігін айқара ашып, «Дат, тақсыр!» — деп кіріп келген жас жігітке би селт етіп тігіле қарайды. Қарсы алдында шарайнасын киіп, жау жарағын асынған Тауасардың тұрғанын көреді. ол бір тізесін бүгіп:

— Дат, аға, ел шетіне жау тиді, ер азамат атқа қонды. Ер азамат қатарында даңқты Қабанбай батырға сарбаз болып, үлкен жолға аттанайын деген ойым бар, ақ жол тілеп, ақ батаңызды беріңіз, — дейді.

Тонын иығына қайта жамылған Қамен би:

— Қарағым, Тауасар, елге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Әрдайым қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің киелі болсын! — деп бата береді.

Кемеңгер Қамен бидің ықыласын алған жас батыр тұңғыш майданға аттанған кезінде нағашысы ырымдап сыйлаған көк дөненге мініп, асыға жол тартады. Шеру тартып кеткен қолдың соңынан күн-түн жүріп қуып жетеді, сарбаздардың бірі боп қосынға қосылады.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Бердіқожа (І нұсқа)


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама