Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Тәуелсіздік таңы
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы
Мақсаты:
▪ Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
▪ Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
▪ Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе
- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
(Боран, дауысы).
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім сөзі
1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
1 - оқушы Ернар
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2 - оқушы
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.
3 - оқушы.
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
4 - оқушы.
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
- Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
- Сен 13 - желтоқсан күні, сағат 10 - да қайда болдың?
Қайрат
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
- Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
- Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
- Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).
- Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,
5 - оқушы
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалім сөзі
- Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 - ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
- Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды интербелсенді тақтаға бұрайық.
6 - оқушы
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7 - оқушы
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,

Тәуелсіздік таңы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама