Тәуелсіздік тірегі
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық
Білім көзі: тіл дамыту, құрастыру
Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегі
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіз сөзінің мағынасын, тәуелсіздіктің қандай еңбекпен, кімдер арқылы жеткендігін түсіндіру, еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Керекті құралдар: Елбасы және рәміздеріміздің, Қазақстан Республикасының суреті,
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, құрастыру.
Ынталандыру сезімді ояту: әнұран
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Дұрыс, біз тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекетінде тұрамыз?
- Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тәуелсіз - ешкімге бағынышты емес, азат, еркін деген мағынаны білдіреді, яғни біз жеке өзімізді - өзіміз басқаратын мемлекетпіз.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет атанды. Балалар, бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты аға - тәтелеріміздің ерлігінің, намысының арқасында жеке, дербес мемлекет болуға қол жеткіздік. Ол кісілердің еңбегін аса құрметпен бағалауымыз керекпіз.
Еліміз тәуелсіз болғаннан соң оның елбасы яғни, президенті, әнұраны, туы, елтаңбасы болады.
Әнұранының сөзін бәріміз білеміз. ал оны жазған авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған атақты қазақтың композиторы – Шәмші Қалдаяқов.
Туымыздың түсі көк, онда күн, қыран бүркіт және ұлттық оюымыз орын алған. Көк аспанымызда, күніміз жарқын, қыран құстай қанатымыз талмай шарықтайтын ұлтжанды мемлекетпіз дегенді білдіреді екен.
Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков
Елтаңбамызды ортасында шаңырақ, Қазақстан ортақ үйіміз, бес жұлдыз – бес құрлыққа бірдей құшағымызды ашып қарсы аламыз, ал қанатты пырақ, аңыздардағы мықты жануарды меңзейді, ал уықтар – біздің бірлігімізді көрсетеді екен.
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.
Сұрақ арқылы түсініктерін толықтыру.
- Қане, балалар Отан, туған жер, рәміздер туралы тақпақ білеміз бе?
Артем:
Әлемге аты белгілі,
Қазақстан елімді.
Ұлықтайды ұрпағы,
Болашағына сенімді.
Ерасыл:
Көк айна көлім бар,
Кең жайлау жерім бар.
Еңбегі еленген,
Атақты ерім бар.
Абылай:
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам - бас қалам.
Нұрай:
Тәуелсіздік – сәбиімнің күлкісі,
Тәуелсіздік ақ батасы атамның.
Амир:
Тарих боп кешегім,
Көп жұмбақ шешемін.
Егемен еліме,
Еге боп өсемін.
Гүлжан:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстан.
Елім менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Олег:
Жемісті бауым бар,
Шың - құзды тауым бар.
Еңісті өр еткен,
Жеңісті қауым бар.
Арман:
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Тірегі әке баланың,
Қазақстан жалауы.
Арлан:
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып,
Желбірейді көк туым,
Төбемізде мәңгілік.
Қаламқас:
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Баян:
Менің елім – жалғыз ел,
Мейіріммен шуақты.
Менің елім әлемде,
Бірлігімен қуатты.
Айбек:
Жайдарлы жерім бар,
Өрісті белім бар,
Ерлікке баулитын,
Егемен елім бар.
Сергіту сәті:
Кел балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық,
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып,
Киіз үйді құрайық.
Күтпеген сәт:
Есік қағылып, ішке Отан сүйгіш азамат кіреді:
- Балалар, мен өз елімді, Қазақстан Республикасын, яғни Отанымды сүйемін, құрметтеймін. Жолда келе жатсам, алдымда елтаңба сынықтары шашылып жатыр, оның сынған күйі шашылып жатуына болмайды, сол себептен бәріміз бірге құрап, елтаңбаның толық мүсінін шығарып, төрімізге іліп қояйық.
Қандай Отан, туған жер туралы мақал білесіңдер:
Айбек:
Отан – оттан да ыстық.
Гүлжан:
Отан - отбасынан басталады.
Махаббат:
Отан - ортақ үй.
Арлан:
Туған жердің түні де ыстық,
Күні де ыстық.
Артем:
Туған елің - тұғырың.
Арман:
Туған жер - алтын бесік
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күнінің маңызын.
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуге.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, "Қарлығаш" балалар бақшасының тәрбиешісі
Ибраимова Гульчат Кабылжановна