Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас таулар.
Сабақтың тақырыбы: Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас таулар.
География 6 сынып
Білімділік: оқушыларға таулардың пайда болуы жайлы сипаттама беру, қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар, таулардың өзгеруі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып, оқушылардың таулар жайлы жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын қалыптастыру, дүниетанымын арттыру.
Тәрбиелік: ой - өрісін кеңейту, ой-пікірін еркін жеткізе білуге бейімдеп сөз қорын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, кесте, семантикалық карта, сәйкестендіру, географиялық диктант.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстаның физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, географиялық атлас, кескін карта, сызба - нұсқалар, таулардың табиғатын бейнелейтін суреттер.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау

I. Ұйымдастыру:
- Оқушылар мен амандасу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабаққа назарын аудару

25 жыл тәуелсіздік ырысымыз
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін
Білім шыңына шығу парызымыз!

II. Үй тапсырмасын тексеру:
“ Ішкі және сыртқы шеңбер”
Оқушылар 2 шеңбер құрайды. 1 шеңбер сыртқы, 2шеңбер ішкі болып есептелінеді. Ішкі шеңбердегі оқушылар өткен тақырып бойынша, сыртқы шеңберге сұрақтар қою арқылы қозғалады. Сыртқы шеңбер орнында тұрып жауап береді. Кейін 2 шеңбер орын алмасады.
Оқушылар мозайқа құрасытыру арқылы 2 топқа бөлінеді. Топтарына атауын қойып, топ басшыларын сайлайды.

III. Жаңа сабақ:
Тау туралы өлең:
Болады таудың жасы,
Жотасы, шыңы, басы.
Беткейі мен етегі,
Әр түрлі келер жасы.
Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау жатқан. қатты тілімделген биік бөліктерін таулар деп атайды. Таулар жан - жағынан ортасына қарай биіктейді. Оның биік, жоғарғы бөлігі тау басы, оқшауланған төбесі шыңы деп аталады. Таулар биіктігіне қарай аласа, орташа биік, биік болып бөлінеді. Аласа таулар деп биіктігі 400 м ден 1000м дейінгі тауларды айтады. Орташа биік тауларға 1000 м - 2000м дейін баратын таулар жатады. Биіктігі 2000м асатын тауларды биік таулар деп атайды. Қатпарлы таулар тау жыныстардың қабаты қатпарланып көтерілген кезде пайда болады. Егер таулар жарылым бойымен тау жыныстардың қабаттары көтерілу нәтижесінде пайда болса, олар жақпарлы таулар деп аталады. Таудың үшінші түрі – бұл жанартаулық таулар. Су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланып, биікке көтеріліп, тау құраған. Жер шарындағы таулардың көпшілігі осындай қатпарлардан тұрады. Олар қатпарлы таулар деп аталады. Альпі, Кавказ, Кордильер және т. б. осындай тауларға жатады. Бұл таулардағы жоғары қарай иілген қатпарлар тау жоталарын, төмен қарай иілгендері тау аралық аңғарларды құрайды. Мәтінмен жұмыс жасайды.
1 - топ: Таулардың пайда болуы;
2 - топ: Ескі және жас таулар.

IV. Сабақты бекіту: “Сематикалық карта”
Таудың аты ---- Ескі таулар ---- Жас таулар ---- Қатпарлы таулар --- Қатпарлы - жақпарлы таулар
Алтай
Гималай
Альпі
Орал

“СӘЙКЕСТЕРІН ТАП”:
1. Аспан таулары мағынасын білдіретін тау атауы Орал
2. Әлемдегі ең биік таулар Тянь - Шань
3. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар Гималай
4. Ең ұзын таулар жүйесі Анды

Сергіту сәті: “Теңіз солдаты”
1. Қайық жүзеді (2 оқушыдан қайық құрайды)
2. Тамақтану (3 оқушыдан тамақтанады)
3. Еден жуу (1 оқушыдан кеменің еден жуады)
4. Кеме түзіледі (бірінің артына бірі тұрады)

“ Географиялық диктант”:
1. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктері тау деп аталады.
2. Биік тауларды ата Гималай, Тянь - Шань, Алтай т. б.
3. Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстардың өзгеруін үгілу дейміз.
4. Дүние жүзіндегі ең биік тау Гималай
5. Еуропаны Азиядан бөліп тұратын тау Орал тауы.

V. Үйге тапсырма: Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас тауларды оқып келу.
VI. Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау:

Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы, Есет ауылы
Сарыбұлақ негізгі мектебі
Химия және География пән мұғалімі
Сайынова Гүлім Әлімқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Эверест тауы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама