Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Телжанов Қанапия

Телжанов Қанапия Темірболатұлы

 

Ұлы қазақ суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер  қайраткері.

Ұлты – қазақ. Туылған жылы 01.05.1927 ж.

1953 жылы Ленинградтың И.Е. Репин  атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтында М.И.Авиловтан оқыды.

1953-58 жылдары Алматы көркемсурет училещесінде сабақ берді. 1965-68 жылдары Қазақ ССР Суретшілер одағының төрағасы,1964-68 жылдары СССР Суретшілер одағының секретары,1973 жылдан Қазақтың көркемсурет галереясының директоры болып қызмет атқарған. Телжановтың қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал», «Бейбітшілік оттары»,«Домбыра әуендері», «Ата мекен», «Көкпар» т.б.шығармалары бар.

Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Еңбектері негізінен Қазақстанның мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама