Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Темір. Темірдің маңызды қосылыстары
Химия пәні
Сабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: Темір металы және оның қосылыстары. Физикалық, химиялық қасиеттері, халық шаруашылығы мен адам өміріндегі маңызы жөнінде білімдерін кеңейту
және өндіру кезіндегі экологиялық проблемалар жөнінде түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты: Темір элементін жан жақты зерттеу, сипаттау арқылы оның қосылыстары, қасиеттері, маңызы жөніндегі білімдерін жүйелендіріп кеңейту.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты: Темірдің қасиеттері табиғатта таралуы және қолданылуын оқушы мәтінді оқып, зерттей отыра сипаттайды.
3. Топтық міндет: Оқушылар шығармашылықтың мүмкіндіктерін дамыту қабілеттерін арттыру мақсатында сұрақтарға
жауап іздейді қортынды шығарады
Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын оқып үйрену кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру кубизм, бір айналым сөйлесу.
Кіріктірілген пәндер: тарих география, биология, физика, әдебиет.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен мұғалімнің іс - әрекеті: мұғалім мен оқушы алдын ала дайындалады, оқушы өзіндік жұмыс орындайды, ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.

Пайдаланған әдебиеттер: Химия 9 сынып
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып үш топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Мұғалім сөзі:
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жолда поездар да машиналарда жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп өле бастаған, адам денесіндегі 3г темір жойылса, тірлігін тоқтатып өліп қалар еді. Бұл көріністегі темірдің маңыздылығын суреттеген атақты академик А. С. Ферсман болған. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазған: «адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.

Мағынаны тану. Топ мүшелері сұрақты талқылайды, пікірлеседі
Кубизм әдістемесімен әр топтан бір спикер шығады

1. Суреттейді: Таңбасы, атом құрылысы, электрондық формуласы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі жөнінде.
І топ - химик, ІІ топ - геолог, ІІІ топ - географ түсіндіреді.
2. Сипаттайды: физикалық және химиялық қасиеттерін І топ - физик,
ІІ топ - химик, ІІІ топ - астроном сипаттайды.

3. Зерттейді: Тарихы туралы (тарихшы, биолог, медик)

4. Қолданады: (экономист, әдебиетші, эколог)
Сабақты бекіту. Сабақты бекіту мақсатында жаттығу жұмыстарын
жүргізу
1топқа есеп. a) Fe ->F eCl2 ->Fe(OH) 2 -> FeO -> FeSO4
б) Fe -> FeCl3 -> Fe(OH) 3 ->Fe2O3 -> Fe2(SO4) 3
2 топқа есеп. Темірдің табиғатта минералдарды FeO, FeS пириттің
құрамындағы темірдің массалық үлесін есепте
3 топқа есеп. Массасы 50г. темір (III) оксидін алу үшін темір (III) гидрооксидінің қанша грамм қыздыру қажет.
IV. Ой толғаныс. Оқушылар «Темірдің пайдасы» тақырыбына эссе жазады, оқиды.
V. Сабақты қорытындылау. БҮҮ кестесі.

VI. Үйге тапсырма: «Ағзаның тіршілік әрекетіндегі кейбір металдардың рөлі» тақырыбына мәнжазба дайындау
VIІ. Оқушы білімін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама