depositphotos.com
- 16 нау. 2026 19:00
- 32
Теңге нығайып, доллар арзандады: Қазақстандағы валюта бағамы
Бүгін, 16 наурызда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы айтарлықтай төмендеді. Күндізгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 486,20 теңгеге жетіп, 4,49 теңгеге арзандады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық банкі 16 наурызға арнап доллардың ресми бағамын 491,29 теңге деп белгіледі.
Айырбастау пункттеріндегі бағам
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы келесідей:
Алматыдағы айырбастау пункттері
Астанадағы айырбастау пункттері
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын. Кейіннен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнай бағасының өсуіне байланысты теңгенің нығаюы мүмкін деген болжамдарға қатысты пікір білдіріп, экономикалық сценарийлерде доллардың 400 теңгеге дейін арзандауы қарастырылмағанын атап өткен еді.
-
Экс-глава МВД, звезда UFC и популярный комик Нурлан Сабуров были замечены на дне рождения сына столичного бизнесмена.