Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Теңіздер мен көлдер
Тақырыбы: Теңіздер мен көлдер
Мақсаты: Оқушылардың Дүниежүзі теңіздер мен көлдер туралы түсініктерін қалыптастырып, оларды картадан, таба білуге және оларды бір - бірімен салыстырып, толық мәлімет бере отыра, қызығушылығын арттырып, білім деңгейін жетілдіру.
Міндеттері:
Дамытушылық: Картамен жұмыс істеу қабілетін, есте сақтау, логикалық қабілеттерін жетілдіру, дамыту және білімдерін тереңдету.
Білімділік: Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа технология әдістерін енгізе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
Тәрбиелік: Дүниежүзі теңіздер мен көлдер туралы түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, теңіздер мен көлдерді сақтауға, табиғатқа деген септігін тигізуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: география, биология, қазақ тілі.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сөздік, сұрақ - жауап, тірек - сызба.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, жарты шарлар картасы, атлас, кескін карта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныптың тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге берген Мұхиттар тақырыбы бойынша сұрау. Үй тапсырмасын жарыс түрінде өткізу. Ол үшін дүниежүзілік 4 мұхиттар бойынша 4 топқа бөлу.
4 топқа бөлу.
1 топ – Атлант мұхит.
2 топ – Тынық мұхит.
3 топ – Үнді мұхит.
4 топ – Солтүстік мұзды мұхит.
Осы топтар мынадай кезеңдер бойынша жарысады. Әр топтардың жауап беруіне байланысты бағалау житондарын тарату.
Қызыл «5»
Көк «4»
Сары «3»

І. «Біз аталамыз» кезеңі бойынша әр топ өз атауларына байланысты мұхиттар бойынша топ басшысы айтып кету.(4 мин)
ІІ. «Ең ерекше» кезеңі бойынша жапсырма қағазда ең ерекшелігіне байланысты картаға жапсыру.( 2 мин)
ІІІ. «Кім жылдам?» кезеңі бойынша интерактивті тақтада су жануарларының суреттері берілген, онда сұрақтар жасырылған. Сол суреттерді таңдау арқылы сұрақтар қойылады. (3 мин)
ІV. «Мен саған, сен маған» кезеңі бойынша әр топ бір - біріне 2 сұрақтан қою. (3 мин)
V. «Сиқырлы сөз» кезеңі бойынша Гидросфера сөзі беріледі, бірнеше сөз шығаруы қажет. (3 мин)
VІ. Қорытындылау. Көп житон жинаған топ жеңіске жетеді. ( 3 мин)
ІІІ. Актуалдау. V. кезеңде берілген гидросфера сөзі арқылы жалпы гидросфераға нелер жатқызамыз? Су, жаңбыр суы, мұхит, теңіз, көл. Осы айтып жатқан теңіз, көл дегеніміз не екен? Соған тоқталайық.
ІV. Жаңа сабақ.
Теңіздер мен көлдер
Каспий теңізі – ауданы жағынан ең үлкені. Жоғарғы көл (Солтүстік Америка) – ең тұщысы. Байкал – тұщы су қорына мол көл. Титикака – ең тереңі. Өлі теңіз – ең төменде орналасқаны. Балқаш – ең тұздысы. Чад – Жартылай тұзды, жартылай тұщы көл.
Адам үшін көлдер мен теңіздердің пайдасы көп. Олар балық аулау кәсіпшілігін, балық шаруашылығын, су көлігін, туризмді, және спортты дамыту үшін қажет. Демалушылар арасында танымал теңізге Жерорта (150 млн адам жылына) теңізі жатады. Қазақстандағы демалушылар үшін маңызы бар көлдерге Бурабай, Алакөл, Балқаш, Зайсан жатады.
Қосымша мәлімет. Сабынды көл, Қайынды көл, Қара теңіз, Қызыл теңіз, Ақ теңіз туралы қызықты қосымша мәлімет беру.

V. Бекіту.
1. Сұрақ - жауап.
1. Теңіз дегеніміз не?
2. Орналасуына қарай теңіздер қалай ажыратылады?
3. Көл дегенді қалай түсінеміз?
4. Қазақстанда қандай көлдерді білеміз?
5. Адам өмірі үшін теңіздер мен көлдердің қандай маңызы бар?

2. Сәйкестендіру.
2. Мақал-мәтел, нақыл сөз су туралы.
1. Су - тіршілік көзі. 2. Судың да сұрауы бар. 3. Сүттен ақ, судан таза. 4. бұлақ көрсең көзін аш.

ІV. Қорытындылау.
Үйге: Теңіздер мен көлдер тақырыбы, қызықты, қосымша теңіз көлдер туралы әңгімелер, аңыздар айтып келу.
Бағалау. Топ бойынша жұмыс жасауларына байланысты, сабаққа қатысып отыруына байланысты баға қою.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама