- 26 қаң. 2016 00:00
- 231
Tesla көліктің жаңа түрін ойлап тапты
Tesla мен SpaceX-тің негiзiн қалаушы Элон Маск болашақтың жаңа көлігi - үлкен арқан капсуласын ұсынды. Бұл туралы vedomosti.ru жазады.
Үлкен арқан жүйесіндегi жаңа көліктің бұл түрі капсулаға ұқсайды. Және құбырлар арқылы дыбыс жылдамдығымен жүйткіп жүре алады. Техникалық түрде бұл жобаны iске асыру қиын емес, әңгіме жобаның коммерциялық ақталып , ақталмауында, - дейді екі компания өкілдерi.
Hyperloop Technologies құрушысының бірi, әрі техникалық директоры Броган Бамброганның пiкiрiнше, жаңа көлік жүйесін қаласа бүгін қолданысқа енгізуге болады, бірақ, бұл өте қымбат рахаттылық.
Элон Масктiң есебінше, жаңа көліктiң құрылысына, Сан-франциско мен Лос-Анджелестiң арасын жалғау үшін, 6 млрд Ақш доллары кетеді. (1 шақырымға 7 млн $) Дегенмен, жаңа жобаға кететін бұл шығын үлкен жылдамдықтағы поездар жолын салу құрылысынан 10 есе арзан.