Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тік төртбұрыштың периметрін табу
Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы
Б. Кейкиев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кузенбердиева Айгуль Ногаевна

Математика 2 сынып
Тақырыбы: Тік төртбұрыштың периметрін табу
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бекіту, қайталау. Ой - өрістерін кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, өмірде пайдалана білуге дағдыландыру, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: - логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттері және зейінін дамиды;
- оқушылар өз ойын толық, дұрыс жеткізе біледі,
Сабақтың әдісі: математикалық диктант, есептеу, сұрақ - жауап, логикалық тапсырмалар, проблемалық жағдайларды шешу

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау. Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу
Дәптерлерін тексеріп шығамын

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үйге берілген есепті тізбектей оқып шығады
Ал енді өзіңді өзің бағала!
«5» қатесіз орындалған жұмыс;
«4» 1 немесе 2 қате жіберілсе;
«3» 3 немесе 4 қате жіберілсе;
«2» 5 немесе одан да көп қате жіберілсе

Математикалық диктант
а) 5 ондықтан тұратын санды жаз.
12 - ні 3 - ке арттыр.
20 – ны 2 - ге кеміт.
17 мен 3 сандарының қосындысы нешеге тең? 14 және 2 сандарының айырмасы нешеге тең?
30 дециметрді метрге айналдыр.
1 минутта неше секунд бар?
8 бен 5 - тің қосындысы нешеге тең?
12 мен 7 - нің айырмасын жаз.
50, 15, 18, 20, 12, 3, 60, 13, 5.

Негізгі бөлім
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Тік төртбұрыш деген не? (Тік төртбұрыш – барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш)
• Периметр деген не? (көпбұрыштың периметрі деп оның барлық қабырғаларының қосындысын айтады)
• Периметрдің формуласын көрсетіңдер? (р=(а+в)*2)
• Үш төбесі бар геометриялық фигура? (ұшбұрыш)
• Шаршының қабырғаларының ұзындығы 20 см, периметрі нешеге тең? (80)
• Ұзындық өлшем бірліктері? (мм, см, дм, м, км)
• 1 м - де неше см? (100 см)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама