Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Атырау қаласы, Томарлы селосы,
Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.
1. Білімділік: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып олардың периметрі мен ауданын табудың тәсілдерімен таныстыра отырып, есептер шығаруға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, математикалық тілін дамыта отырып, өз беттерімен жұмыс жасай білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, достыққа, бір - біріне көмектесуге, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: проектор, үлестірмелер, геометриялық фигуралардың макеттері, т. б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, көрнекілік, жұппен жұмыс, топпен, өз беттерімен жұмыс, ойын т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушы назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Ал бүгінгі жұмысымыздың ұраны:
«Білгенімізді қайталаймыз,
Білмегенімізді үйренеміз!»

2. Үй жұмысын тексеру: 92 - бет №7

3. Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
1 - топ «Үшбұрыштар»
2 - топ «Шаршылар»
3 - топ «Төртбұрыштар»
ә) әр топ өздеріне тиген геометриялық фигураларын сипаттайды.(постер қорғайды)

4. Миға шабуыл 1 - слайд
1. Ауызша есептеуге жаттықтыру.

1 - топ Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Периметр деген не? Периметрді қалай табамыз?
2 - топ Көпбұрыштардың дөңгелектерден айырмашылығы неде? Аудан деген не? Ауданды қалай табамыз? Фигураның ауданы қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?
3 - топ Геометриялық фигураларды өлшеу үшін қандай бірліктер қажет? Қандай геометриялық фигуралардың периметрін табуға болмайды?

5. Оқулықпен, дәптермен, тақтамен жұмыс:

№ 1 а) Ауызша талдау.
ә) Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу. Олардың аудандары мен периметрлерін табу.
б) Өзіндік жұмыс (өлшеу, сызу, ауданын, периметрін табу)

6. «Қарша борату»Топаралық сайыс:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама