Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Сабақ тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Математика пәні 2 сынып
Сабақ мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу, ережесімен таныстыру
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен
таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Дамытушылық: Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту, компьютермен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дәптерге таза, сауатты жазуды, бірлікке, ынтымақтыққа, шапшаңдыққа, ұжымдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, өзбеттік жұмыс, топтық, жеке, ұжымдық, компьютермен жұмыс.
Көрнекіліктер: Фигуралар, сызбалар, Мультимедия, Электрондық оқулық, Бағалау бетшесі
Қолданылатын құрал:
Интерактивті тақта, кесте
Күтілетін нәтиже:
• Алған білімді тиянақтау
• Ойын жеткізе білу
• Есте сақтауға ықпал ету
• Оқушының білім деңгейін нақты көрсету
• Компьютермен жұмыс істеу
• Өзін - өзі тексеру, бағалау

Сабақ барысы:
1. Алғашқы ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды екі топқа бөлу,
әр топтың топ басшыларын таныстырады.
Әділбеков Бекзат, Арарат Гүлдана
1 – топ: Үшбұрыш.
Үшбұрыштың қабырғалары нешеу?
2 – топ: Төртбұрыш. Төртбұрыштың қабырғалары нешеу?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үшбұрыштың периметрін табу

ІІІ. «Ой қозғау»
Оқушыларға әр түрлі фигураларды таратып берілді.
Сол фигуралар туралы таныстырады.(қабырғалары нешеу, бұрыштары, төбелерін көрсету)
Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
1. 8 онд. пен 5 ондықтың айырмасына тең болатын:
2. 7 бірл. пен 3 бірліктің айырмасына тең болатын;
3. 9 бірл. пен 7 бірліктің қосындысына тең болатын;
4. 3 онд. пен 1 бірліктің айырмасына тең болатын;

1 - Тік төртбұрыш дегеніміз не?
- Қарама - қарсы қабырғалары тең фигураны тік төртбұрыш дейміз.
2 - Шаршы дегеніміз не?
- Барлық қабырғалары бірдей фигураны шаршы дейміз.
І V. Жана сабақ Оқулықпен жұмыс
№ 1 Топпен жұмыс
І топ:
Тік төртбұрыштың қабырғаларын өлшеу. Не байқадың? Тік төртбұрыштың периметрін тап. Тіктөртбұрыштың периметрі 2см+2см+3см+3см =10 см
ІІ топ:
Шаршының қабырғаларын өлше. Не байқадың? Шаршының периметрін тап.
Шаршының периметрі 2см+2см+2см+2см =8 см
Шығармашылық есеп
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы болады.
№2 Есеп құрастыр және шығар:

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Б. Бегалиев атындағы орта мектебі
Куспанова Алтынай Анубековна

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама