Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тіл үйретудегі жаңа технологияның негізгі ерекшеліктері

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып  айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренггеннен ештенен кетпейді.
Төле би

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарына білім беру бағытындағы үштілді білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.

Осы ұстанымға жетудің бірден-бір жолы: әлемдік білім кеңестігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу-осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда білім саласының жедел жоспарында үштілді білім беру бағытында, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Тіл белгілі бір мәдениеттің бөлшегі болып табылатындықтан, біз осы мәдениеттің ерекшеліктерімен таныс болуымыз керек. Олай болса, қандай тілдік іс-әрекет болсын, біз оқушының бойына бағдарламамен белгіленген деңгейдегідей ауызекі сөйлеу тілінің дамуына ықпал жасауымыз керек.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында үш тілді меңгерту барысында өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер негізінде тілдерді оқытудың жаңа бағыттары қалыптасуда.

Тілді еркін меңгеруге дейін алып келетін бірден-бір алғышарттардың қатарында сөйлеу әрекетінің түрлеріне қатысты тапсырмалар жүйесін жан-жақты дамыту мен жетілдіру тұрғаны анық.

Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту деңгейлері бірінші сыныптан бастап қолданыс тауып, осыған сәйкес тілді оқыту деңгейлері қолданысқа ене бастады.

Қазақ тілі пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін  халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттарды бейбітшілік пен келісім  өмірсалтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық , әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу-негізгі ұстаным болып табылады.

Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі.

Қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың өз бетімен білім ала беру қабілетін дамыту бағытын көздеп отырған жаңартылған білім технологиясының әдіснамалық ұстанымдары мыналар бола алады:
•    Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы-ғылым нысаны бола алатын ұғым
•    Қазақ тілін оқыту арқылы білім алушының іздену, жаңалықтар ашу, оларға өзіндік түйінді шешімдер айта білу қабілетін дамыту технологиясы-өзіндік ерекшелігі  мол ішкі құрамға ие жүйе
•    Қазақ  тілін жеңілден тереңге оқыту технологиясы негізінде оқушылардың өзіндік шешімдер жасай алу қабілетін, ойлауын дамыту технологиясы-оқушылардың ізгілікті тәрбиелеуге бағытталған жалпы оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сондықтан ол адамгершілік ұстанымдарын негіз етіп алады.

Тіл үйрену барысында саналылық, белсенділік көрнекілік, тұрақтылық, түсіністілік тәрізді дидактикалық ұстаным түрлерініңтәжірибелік маңызы зор. Мәселен, саналылық ұстанымын алатын болсақ, тіл үйренуші, алдымен тілдікбірліктер мен олардың қолданылуы туралы ережелерді үйренеді. Артынан жаттыға келе оларды автоматты түрде жүйелі қолдануға дағдыланады. Белсенділік ұстанымы бойынша оқытушының аз, тіл үйренушінің көбірек сөйлегенібасты назарда болады. Тыңдаушы белсенділігін жетілдіру үшін үйретудің ойын, жарыс, көрнекілік түрлері қолданылатыны белгілі. Көрнекілік ұстанымы-кең тараған ұстанымдардың бірі. Ғалымдардың пайымдауынша , сезім мүшелері арқылы нені қолдануға болады- соның бәрі көрнекілік қызметіне жұмсалады. Аталған ұстанымның тілдік және тілдік емес деп аталатын екі түрі бар.Тіл үйрену сабақтарында көрнекілікұстанымының үйретушілік, бақылаушылық, ұйымдастырушылық тәрізді қызметтері анықталады. Беріктікұстанымы-тіл үйренушінің оқу материалын түсініп, түрлі жағдаяттарда қолдануынан көрінеді.

Дүниеде үш мың тіл бар, әр тілде сөйлеушілердің өз әлемдік көзқарасы бар. Олардың өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тарихы бар.

Сондықтан да түрлі тіл өкілдері қарым-қатынас жасағанда олардың арасында тілдікқайшылықтар болады, себебі бір тілде бір ұғымның екінші тілде баламасы болмауы мүмкін, өйткені ол ұғым сол мәдениетке ғана тән, басқа мәдениет өкілдері оны білмеуі де мүмкін.

Сондықтан да тілді үйретудің негізгі мақсаты-сөйлету, оқушыныңоқытушыны мұқият тыңдап, қайталап, түсінуі, өз пікірін басқамен бөлісе білуі болып табылады. Оқытушы ауызша сөйлеуге үйретуде күнделікті сабақта қайталанып отыратын сөздермен жұмыс жасай отырып, оқушының тілге деген белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты тілдік бірліктердің, фразеологиялық оралымдардың, сөйлеуге арналған жағдаяттардың мазмұнды мақсатқа сайболуына көңіл бөлуі қажет.

Ауызекі сөйлеуді дамыту жаттығуларының бірі ретіндебұйрықпен жұмыс жасаймын. Ресей оқытушысы А.Ю. Частухинаның аутуынша, бұйрықты күнделікті сабақта қайталанып, сабақ сайын бұйрық мазмұнын өзгертіп отырып үйрету оқушыныңоқып түсінуіне, есінде қалуына үлкен жол ашады делінген.

Қазіргі уақытта күнделікті қажеттіліктерге сай туындап отырған көп тілді білу, әсіресе мемлекеттік тілді білу мен оны меңгерту қазіргі кезде өзектіпроблемалардың бірі десек қателеспейміз.Осы бағыттабіраз әдістемелік-ғылыми еңбектер мен оқулықтар, мақалалар жарық көруде. Барлығының ортақмұраты мен міндеті –тілді меңгерту, үйрету, қажетті ортада еркін қолдана білудегі тілдік іскерлігін дағдыландыру.
Білімнің , дәріс беруде, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері, бағыттары артуда. Соңғы әдістемелік еңбектерден аңғарғанымыз оқытудың ең тиімді тәсілдерініңбірі топпен жұмыс және жеке жұмыс. Оқушының өзіне бағытталған білім болып табылады. Сабақ барысында да оқытушы барлық ұйымдастырушылық қабілеті мен шеберлігін әрбір оқушының ынта-жігері менбелсенділігін арттыратын, қызығушылығын оятатын іс-әрекеттерге жұмсағанда тиімді әрі жемісті нәтиже беретіні сөзсіз. Тіл оқытуда белсенді қолданылатын рольдік ойындар, интербелсенді әдістер, коммуникативті –бағдарлы оқытушы т.б. әдістермен жүзеге асырылады. Осы бағытта әрбір оқытушының әдіс-тәсілдердіқолданған кезде, оны сол сәтте қолданып қана қоймай болашақта да пайдаланса, іске асырса деген ойыболатыны сөсіз. Ал бұләринеоқушының жадында ұмытылмастай етіп қалдыратын тақырып пен тапсырма түрлері, тақырыпты игертудегі оқытушының ұйымдастырушылыққабілетімен тікелейбайланысты. Қазақ тілін мәдениет пен салт-дәстүрмен байланыстырып оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін осы жерде айта кетуіміз керек. Оқытудың өзіндік ерекшелігіқазақтілін жақсы білетін, сөйлей алатын оқушылардың Тілдік қатысымдық қызметімен бірге, ол көптеген қызметтерімен анағұрлым бай.Сабақ барысындадәлелретінде тілдік фактілер, тарихи мағлұматтар, әр түрліэтнографиялық, этнолингвистикалық зерттеулерменкелтіріледі. Тілдің санқырлы құбылыс екендігінеаңыз бен әпсаналардағы фактілер, ертегілердегі образдардың көмегі тиіп жатады.

Мысалы: Өкпесөзінің «реніш, наз»мағынасын ашып беруде өкпені тағам ретінде қонаққа ұсынылмайтыны мен «Ертөстік» ертегісінде жалмауыз кемпір өкпе бейнесінде келгендігі халықтың осы өкпеге деген өзіндік көзқарасынан болуы керек. Осы секілді сабақ барысында Бауыр, жүрек жалпы, дене мүшелерінің басқа заттармен құбылыстарға атау ретінде беруді қазақ халқының өзіндік дүниетанымы маңызды орын алғандығы айтылып, деректермен қамтамасыз етіледі. Осы ретте Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінен алынғанқазақтың жүрек туралы айтқаны өте маңызды дерек. Мыс:Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені-батыр дегені...

Қолданылған әдебиеттер:
Республикалық ғылыми-әдістемелік Қазақ тілі: әдістеме журналы 2011ж №5
Оқу бағдарлама Қазақ тілі 1-4 сынып 2016 ж

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау орта мектебі
Алиева Динара Ердилдаевна


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама