Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс.
Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.
Мақсаты: Оқушы мен ата - аналарға спорттық ойындары орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Адам жанының да тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық, жуа т, б

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар бүгінгі Толағай отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер Білім марафоны атты. 5 класстар аралығында онкүндікке ата - аналарымыз да ат салыса келіпті.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгіне бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға Сарсекеновтар отбасын шақырамыз.
Ойнайық, та ойлайық.
Күшімізді көрсетейік, сынайық.
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық
Қаймықпайық, көңілді болып тарайық деп ортаға Даирбаевтар отбасын шақырамыз.
Денсаулық басты байлық өмірдегі
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттар,
Аттанайық жақсы азамат өңірдегі дей келе Шумаковтар отбасын шақырамыз.
Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана - шаңырақты негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салты қалыптастыруда әке мен ананың рөлі арасан зор.
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер Сайысты бастаймыз бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Оқу ісінің меңгерушісі:
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі:
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы:
1. Желаяқтар Кедергілер арасымен жүгіріп, мәреге жеткенде келесі ойыншының қолын соғу керек
2. Егін егу, егін жинау, жуан ата - анасы егіп кетеді, балалар жинайды
3. Қапшықпен секір, қапшықты киіп секіру, Қайтарда жүгіріп келеміз
4. Спорт матырастан айлану, жүгіріп, матырастын үстінен айлану, қайтарда тағы айланып келу
5. Скакалкамен секіру, әр топтан бір қатысушы шығып секіру.
6. Ожаумен су тасу, суды шашып - төкпей межеленген жерге тасу.
7. Паравоз ойыны, бәрі бірге жүгіріп, қайтып келеді.
8. Допты шеңберге салу.

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер, Сіздерге сәт сапар
Сайысымызды бастаймыз
Сарсекеновтар тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін
Біріміз бәріміз үшін.
Дайырбаевтар тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз арқашанда мықты бәрін жеңіп шықты
"Тлеубергеновтар"тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Шынықсаң шымыр боласың,
Толысып айдай толасың.
"Сарсеновтар"тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,
Өнер сүйер өренбіз.

Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден - ------------------- Еңбектену, жалықпау
Жеңімпазды анықтау ---------------------- Біреу озса сайыста,
Жеңімпаз болу шарты сол - ------------- Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей. ------------------ Тараса бізге жарады.
Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Өнерсіздік зор айып,
Ән мен биге басайық.
Арасында тағы бір,
Би мен шашу шашайық.
Би: "Бақалар"5 сынып оқушылары
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
1 - орын ________________________________________
2 - орын_________________________________________
3 - орын_________________________________________
Алғыс хат отбасы _________________________________

Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулыққа терең бақыт сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші - салауатты өмір салтын қалыптастыруда.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама