Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Төлдi қалай шақырады. Дауыссыз дыбыс әрiптерi
Ана тiлi 1 сынып
Ашық сабақ
Сабактын такырыбы: «Төлдi қалай шақырады. Дауыссыз дыбыс әрiптерi»
Сабақтың мақсаты:
1. Бiлiмдiлiк: Берiлген тақырыпты сауатты оқып, түсiнiгiн баяндай бiлуге баулу..
2. Дамытушылық: Оқушыларды дауыстап, дұрыс, мәнерлеп, шапшаң оқуға жаттықтыру.
Сөздiк қорын молайту, тiл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Мал мен адам арасындағы байланысты айту, қазақ халқының мал шаруашылығымен айналысатынын, оларды қадiрлейтiнiн айту. Әр малдың өз түрлері
бар екенің таныстыру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтарды айтқызу.
Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, оқулық.
Tүpi: Аралас сабақ
Әдiсi: Түсiндiру, баяндау, сұрақ - жауап, ойын,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың сабаққа әзірленуін. Оларды үстел үстінен өздеріңе ұнаған түрлi-түстi қағаз текшелерiн алғызу арқылы топқа болу. Әр топты жеке үстел басына отырғызамыз.

ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.
А) қайталау арқылы еске түсіру.
- Балалар сөз неден құралады? (Дыбыстардан)
- Дыбыстар немен таңбаланып жазылады? (Әріппен)
- Әрiптердi бiз қайтемiз? (Көреміз, жазамыз.)
- Ал дыбыстарды ше? (Айтамыз, естимiз.)
- Дыбыстар қандай топқа бөлiнедi? (Дауысты, дауыссыз болып бөлiнедi.)
- Дыбыстардан басқа тағы немен таныспыз? (Белгілермен)
- Атаңдар: Ь, Ъ.
- Дауысты дыбыстарды айта қойыңдар.
- Дауыссыз дыбыстарды айта қойыңдар,
Ә) Кiрiспе әңгіме.
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, Ғасырлар бойы қалыптасқан
бай тәжірибесі бойынша олар малдың тiршiлiк - табиғатын, қадiр-қасиетiн әбден зерттеп
білген. Қазақстан жерін малсыз елестетуге мүмкін емес.
Малдың еті, сүті, терісі, тiптi мүйiзi мен сүйегіне дейін өз қажетіне ұқсатып отырған. Олай болатын болса, кейiнгi жастарымыз қасиетті төрт-түлiкке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиiс. Сондықтан, «Ненің төлі?» атты ойынды ойнайық.
- Қойдың төлі қайсы? (- қозы.)
- Ешкінің төлі қайсы? (- лақ.)
- Жылқының төлі қайсы? (- құлын.)
- Сиырдың төлi қайсы? (- Бұзау.)
- Түйенің төлі қайсы? (- Бота.)
(Әр мал түлігіне жеке тоқтала кетеді.)
1. А) Жұмбақ. «Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар.»
Ә) Ақ мүйiздi ақ ешкiм,
Салпан құлақ сары ешкiм
Жүнi жiбек, сүті бал.
Үйiр мүйiз қара ешкiм
Тау, тас кезiп ойнайсың,
Ойынға бiр тоймайсын
Болса дағы сақалын
Секеңдеуді қоймайсың
Б) Ешкiнiң төлiн не деймiз? - Лақ.
В) Ешкi мен лақты қалай шақырады? - Шөре - шөре
г) Қалай қайырады? «Шок - шок»
Ұйқасын табындар Тастан тасқа секiрiп,
Қойдан маза кетірген
Ұзын салпаң құлақты
Кім бiледi (лақты)
- Балалар бұл өлеңнен ешкі мен лақтың тентек, ұшқалақ екені, ал қойдың жуас
екенін бiлiп отырмыз.
- Ешкі мен қойдың қандай пайдасы бар?
(Cүтiн iшемiз, етін жеймiз, жүнiнен, терісінен киiм тiгемiз, аяк киiм жасап киемiз.)
2. А) Жұмбақ. «Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама